Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Саясат 8029 0 пікір 29 Тамыз, 2016 сағат 09:59

ИСЛАМ КӘРІМОВКЕ НЕ БОЛДЫ?

Көршілес  ел – Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің сырқаттанып, ауруханаға түскен мәлім болды. Ел үкіметі Кәрімовтың ауруханаға түскені туралы ресми хабар таратты. Мұндай хабарды Өзбекстан алғаш рет хабарлап отыр. Ислам Кәрімовтың қандай жағдайда, нендей сырқатпен ауруханаға түскені әзірге белгісіз. Бұған дейін де бейресми түрде Кәрімовтің науқас екені туралы айтылатын. Алайда, ресми мәлімдеме болған емес.

Ислам Кәрімов 78 жаста. Ол 1989 жылдан бері Өзбекстанды басқарып келеді. Түрлі сарапшылар Өзбекстанда демократия, адам құқықтары, сөз бостандығы шектелген, толық бақылауда дейді. Орта Азиядағы халқы көп бұл елді әртүрлі параметрлер бойынша Қазақстанмен салыстырып та жатады.

Ислам Кәрімовтың сырқаттанып қалуы әрі Өзбекстандағы жабық саясат көршілес елдерді де алаңдатып отыр.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір