Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4994 0 пікір 31 Тамыз, 2016 сағат 11:23

О, ӘКЕҢ...

Таң ертең таксиге мінгенмін. Мына туды іліп қойыпты көлігінің ішіне. Түріне қарасам қазақ сияқты.

"Бауырым, мынауың не? Неге іліп қойғансың? Алып таста" десем, "Достарым сыйлыққа берген. Онда тұрған не бар?" деп қояды. "Өйй, түрің қазақ болғанымен ішің түтін біреу екенсің" десем, "мен қазақ емеспін, қырғызбын, ұнамаса түсіп қалыңыз" деп қарап тұр. О, əкең...

Бір сыпқыртып алдым да ана ілулі тұрған туды жұлып алып, көліктен түсіп кеттім. Есікті жауып жатып: "Кім болсаң ол бол, бірақ бұл Қазақстан", - дедім. Тілін тартқан анау алақ-жұлақ етіп, сасқалақтап кете барды.

Мақсат Рамазанұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір