Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қоғам 8106 0 пікір 1 Қыркүйек, 2016 сағат 10:14

ЕРДОҒАН СӘЛӘФИТ ПЕ?

Әсіре діншіл салафиттер мен діни фанаттықты саяси негізге алған  Түркияның бүгінгі билігі халқының бірлігін бөлшектеп, этникалық ажырауды тудырып, КЕМАЛИСТІК идеологияны құртудың батыс жоспарлаған жобасын іске асырып жатыр. Жалпы, Ататүріктің «атеистік бағыт» ұстауы туралы айтылып жатқан айыптаулар да батыстың зымиян саясатының жемісі.

Шынын айтқанда, әсіре діншілдік пен діни фанаттық мұсылман елдерінің шаңырағын ортаға түсіретінін Ататүрік ерте білген. Діни жол шын мәнінде халықты улайтын – апиын. Міне, осы саясатты батыс ұтымды пайдаланынып, арабтардың шаңырағын шайқалтып, енді түріктердің аяғын қанға малып отыр. Ататүріктің жолын ұстаған түрік патриоттары мен әсіре діншілдер арасында  азаматтық соғыс оты тұтанса, түрік еліне орны толмас өкініш әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда өзінің түрік нәсілінен емес, діншіл екенін айтқан Ердоғанның кімнің қасынан табылатыны айтпаса да белгілі.  Бұл – бір.

Екіншіден, Ердоған басшылық еткен түрік саяси билігінің осы ұстанымы Түркияны Еуразиялық бірлікке ұмтылудан алыстатты. Түркішілдік идеясын негіз еткен түрік болашағына кері жұмыс жасады. Геосаяси жақтан ұтымды жол таңдай алмады. 

Үшіншіден, соңғы 20-30 жылдың ішіндегі түрік экономикасының аса қуатты өсімі – мемлекеттің саяси тұрақтылығына қызмет ете алмады.

Төртіншіден, кезінде Мұстафа Кемал Ататүрік: «Түркияның басына күн туып, үкімет тіпті қарулы күштер мемлекетті қорғай алмаса,  қан тамырында түрік қаны ағып жатқан түрік жастары мемлекетті қалыпына келтіріп, құтқарып қалулары керек» деген өсиет қалдырған. Діншілдер мен Ататүріктің түрікшілдік өсиетін жақтаушылар үкіметтің кертартпа саясат салдарынан  жауласа бастады. Радикалды исалмистердің жұмысы жанданып, этникалық топтар мен секталар асқынды. Қазіргі таңдағы  жағдай Түркияда түрік жастарының басына үлкен жауапкершілік,  ауыр міндет түскенін көрсетеді. 

Бесіншіден, Түркияның Орта Азиядағы түркілердің қасынан табылғанда Орыс дара билеушілігіне кәдімгідей қысым түсіріп, Қазақстан сынды елдердің сенімін арттырар еді. Алайда жағдай керісінше болып, біз сенген Түркияның өзі Ресейдің қолтығына кіріп алды.  

Батыс Түркия билігін қолға алдудың жоспарын мықтап ойластырған. Қазір Күрдтер мен Армяндардың, Иран мен Арабтардың және Еврейлердің тарихи Осман Түрік имериясынан  кек алу мүмкіндігін туды. Батыс оларды саясаттың құралына айналдырып, Түркияға қарсы жұмылдырып отыр. 

Біріншіден,  Ережеп Тайып Ердоған – әкесі жағынан Грузиядағы Румдердің ұрпағы, әйелі – еврей текті араб. Ал Абдуллах Гүлдің де түрік тектес емес екені туралы кітаптар жазылды. Осы Ердоған мен Гүлдің тектері туралы жазған кітаптары үшін Ергүн Пойраз  түрмеге тоғытылды. Бір қызығы, Ердоған еврейлердің мүддесі үшін сіңірген үлкен еңбегіне қарымта ретінде еврейлердің ең жоғарғы дәрежелі ордені – «Ең жоғарғы дәрежеде қызмет еткені үшін» медальімен марапатталған бірінші түрік елінің басшысы және мұсылман елдерінің ішінде осы медальға ие болан бірінші шетелдік басшы.

Оған шығыс Түркиядан  шыққан діни азғындатқыш атағы бар ұлты белгісіз Фетхоллаһ Гүленді қосыңыз. Гүленнің АҚШ-қа не үшін қашып барған сыры да осы жерде белгілі болды. Мысалы, АҚШ-тағы Гүленнің сол елде тұруы үшін қажетті рұқсат қағазды алуы үшін ондаған ЦРУ-дың жетекшілерінің, Еврейлердің ықпалды тұлғаларының , Армияндардың сондай-ақ Христан діни жетекшілерінің кепілдік бергенін айтсақ, кімнің мүдесі үшін қызмет істеп жүргені айтпай-ақ та түсінікті болады. Осылайша, жымысқы саясатты мықты пайдаланған Түрік жаулары (Гүлен мен Ердоғанды қарсы қою арқылы) демократия деген желеумен билікті иеленді. Әйтпегенде, түріктен ел басқаратын ұл тумады дейсіз бе? Тек жетекшілердің бетіндегі діни масканы  ғана көріп, ішін түсінбеген аңқау халықтың бейкүнә, талғамсыз шешімі елдің бағын байлады.   Енді, тарихта отарланғандар түріктерден өшін алудың басқышына өтті. Осылайша Кіші Азия түбегіндегі түркі  туыстарды құртуға ұмтылуда.  Араб ұлтында: «мақсатыңа жету үшін екі жүзді бол» деген мақал бар. Түрік ұлты болып жасанып кірген жау түрік мемлекетінің көрін қазып жатқанын түсінген жөн. 

Екіншіден, қай ел де болмасын,  Діни зомбилендіру саясаты сол елді құртудың  алғышартына айналады. Түркияда бұдан қағыс қалған жоқ. Бұл жоғарыда айтылды. Оған әке-шешесін, аға-інісін аямайтын қараниет халық Уахабиттер мен Салафиттерді қосыңыз. Алла-Тағаланың топас, бұзылған халыққа пайғамбарларды жіберуі де осы зұлымдықтардың алдын алу үшін болса керек. Десе де, арабтар ақыры еврейлердің табанында тапталып бара жатыр. Либия кері шегінді, Египет  пирамидаларын саудаға шығарды, Сауд-Арабия вахабистердің отанына айналды, Сирияда жауласқан екі жақ бірінің жүрегін бірі тірідей суырып жеген арабтарды интернетке таратып жіберді.  Оған «Ислам мемлекеті» атты ұшқары ұйымның қуыршақ үкіметін қосыңыз. Бұл қандай мұсылмандық? Бұл шыңғырған шындық, топастық, қатыгездік. 

Үшіншіден, 1 млн астам әскері бар Түркия елі  «Ирак соғыс» кезінде АҚШ әскерлері мен Ирак, күрд жасақтары Түркімендерді қынадай қырғанда ештеңе деген жоқ. Шекарасын ашып, көмек те бермеді. Ал ИМ-нің басына зауал келгенде  түркіменшіл болып екі жүзділенуі күлкіңді келтіреді. Тіптен, неше жүз рет шекарасын бұзған Грек ұшақтарын атпаған Түрік билігінің бірнеше ретке бола орыс ұшағын атуы саяси тапсырыс. Әйтпесе бұл мәселені басқа жолмен шешуге болар еді. 

Төртіншіден, Орта Азия және Ресей азаматтары Түркия арқылы Сирия еліндегі ИМ-іне көмекке барып, соғысқа қатысуда. Тіптен оларды Түркияда дайындықтан өткізгені туралы да ақпараттар жарыққа шықты. Осылайша ИМ-не ашық және жасырын түрде әскери көмек берді. Мыңдаған Орта Азиялық Уахабистер мен Салафиттер еш кедергісіз Түркі жері арқылы Сирияға өтті. Бұл күдік пен күманға толы емес пе? 

Бесіншіден, Тіптен, ИМ мұнайын Түркия арқылы сатып, сауда жасағыны да ашыққа шықты.

Қош! Осы жайларға қарап, Ердоғанның кім екенін бағамдай беруге болатын секілді.

Алтай Бұқарбаев

Abai.kz

0 пікір