Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3934 0 пікір 13 Қыркүйек, 2016 сағат 10:11

ҚОЗЫСЫН ҚҰШАҚТАҒАН БАЛА

Қозысын құшақтап отырған мына балақайды бағана көшеде келе жатып көріп қалдым. Əйбəт, иə!

Щевченко-Масанчи көшелерінің қиылысындағы Бизнес академиясына тиесілі дүние екен. Бақтың ішінде еренсіздеу ғана жерде тұр. Шарбақтың ішіне қолымды созып тұрып кіргізіп түсіріп алдым. 

Осындай ұлттық реңктегі дүниелерді қаланың көрнекті жерлерінде көбірек неге орнатпасқа? Күшті болар еді ғой. Асық пен алмадан өзге де адамға эстетикалық лəззат сыйлап, көз қуантатын дүниелер жасауға болады ғой.

Мəселенки, өткенде Көктөбеге барғанда жұрттың бəрі Шрэк пен Фионаның қасында жапырлап суретке түсіп жатты. Ал сол Шрэгіңіз шет елден келген қонақтарға қызық па? Оның орнында қазақ ертегілерінің кейіпкерлері тұрса қатып кетпес пе еді ?! Мəселен, Керқұла атты Кендебай, Тазша бала... Тіптен тегі ертегі демей-ақ қояйық. Мынандай бір ұлттық мазмұндағы, қазақтың иісі шығып тұратындай бірдемелер жасауға болады ғой. Иии, менікі жай бір айтылған ой да...

Жанар Оразымбет

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір