Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4874 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 11:19

ТОҚЫЛДАҚТАР немесе "ТОҚАЛДАР" ТРАГЕДИЯСЫ...

Егемендік алғаннан соң, кейбір қандастарымыздың қарны тойып, қозықарын пайда бола бастағаннан соң, тоқал іздеп, жас қыздардың есігін тоқылдата бастағаны шындық!

Бір хадисте:- Алатын əйелің, болмаса тиетін күйеуің өзіңнен он жеті жас не үлкен, не кіші болмауы керек, - депті...

Əйелің он жеті жас үлкен болса - анаңдай, ал, он жеті жас кіші болса - қызыңдай,- деп...

Тоқал алғанды жария етудің ( рия) дұрыс - бұрыстығын білмедім...

Бірақ, немересідей қызды тоқалдыққа алу этикалық тұрғыдан ақылға симайтын сияқты. Бұрын аталарымыз ƏМЕҢГЕРЛІК жолмен үйленген, баласы жат жұрттық болмасын, - деп... Қазіргілер қарны ашқан күні тоқалынан тоңқаңдап қашып жатса, таң қаламайтын шығармыз ?!

Егер сол тоқал алған адамның қарындасын, не болмаса қызын біреу тоқалдыққа алам десе, не дер еді?!

P.S

Жындыны жынды деген сайын бөркі қазандай болады, - дегендей, Аттан-Амантай тоқалға жас қыз аламын дегенін көп адамдар əлі түсіне алмай жүр екен... Бұл бір PR -акция емес пе?!!!

Советқазы Нұрсила

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір