Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5728 1 пікір 19 Мамыр, 2016 сағат 11:55

КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ "ШІРІК" ЕМЕС

"Келiннiң сәлем салуы, адамдарды сыйлап, құрметтеп бас июi - шiрiк екен ғой, бiз қалай бiлмегенбiз, надандық-ай!" - деп терең күрсiнетiндерге не дейiк.

Алла Тағала перiштелердiң ұстазы болған малғұнға адамға басыңды и дегенде ол не деушi едi? Мен - оттан, ол - топырақтан жаралған деп бағынбаушы едi. Сондықтан да, лағын Алла Тағаланың ерекше жаратылысы - адамға басын имедi, құрмет қылмады. Ал бас имеудiң терiс жолға жетектейтiнiн бiлмейтiн сорлы емес едi бұл қазақ.

Шариғатта ата-анаңды сыйлау - Алла Тағаланы, адамды шебер жаратқан Ұлы Жаратушыны сүю демеушi ме едiк?! Ата-анасын сыйламайтын бейшаралар сол 2 адамды жаратқан Жаратушысын қайдан сыйласын? Сондықтан да, келiннiң адамдарға басын иiп еңкеюi - сол сыйластыққа ғана апарады.

Ал құлшылықта Жерге сәжде жасарда 1-шi маңдайды тигiзуiң - сенiң сол топырақтан жаралдым деуiң, 2-шi мәрте маңдай тигiзуiң - осы топыраққа айналатындығыңа сенуiң.

Беташарда келiн ешкiмге сәжде жасамайды, табанға дейiн емес, бiрақ еңкейiңкiреп басын иедi. Бұл жердегi бас ию - бас тигiзудегiдей әрекет емес. Оң ниеттен туындайтын әрекет қана. Бұл - игi дәстүр.

Бауыржан Берікұлы

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір