Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3919 0 пікір 27 Мамыр, 2016 сағат 11:19

Трамп АҚШ президентіне үміткерлікке қол жеткізді

Миллиардер Дональд Трамп Республикалық партияның съезі қарсаңында АҚШ президентіне үміткер атануға қажет делегаттардың қажетті санының қолдауына ие болды.

Бұл туралы бұған дейін ешбір үміткерді қолдамай келген партиялық съезге қатысатын бір топ делегаттың Трампқа дауыс беретіндері туралы мәлімдеген соң белгілі болды.

Осылайша Трамп қолдауларына ие болған делегаттар саны партиялық съезде өзін ұсынуға қажет 1237 адамнан асты.

Трамптың республикалықтар атынан үміткер атанатыны алғашқы сайлаулар кезіндегі миллиардердің бірқатар штаттағы жеңісінен соң, оның қарсыластары додадан бас тартқан мамыр айында ақ күмәнсіз болған еді.

Соңғы сауалнамалар Дональд Трамптың сайлаушылар арасындағы танымалдығының өсіп келе жатқанын көрсетеді және оның рейтингі өзінің ең ықтимал қарсыласы – демократ Хиллари Клинтонға жақындап қалды.

Республикалық партияның съезі Кливлендте шілденің аяғында өтеді. АҚШ президентінің сайлауы 8 қарашаға белгіленген.

Абай-ақпарат

0 пікір