Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 9529 0 пікір 27 Мамыр, 2016 сағат 11:50

ҒЫЗЫР ҒАЛЕЙҺИССАЛАМНАН ТҮСКЕН АЯН

Бисмиллаһир Ирахманир Рахим  

Мейірімі шексіз, рахымы мол Аллаһтың атымен бастаймын.

Бір Аллаға сиынып, Ілім Әліппесін жазуым -  осы ілімнің келешегінің өрістілігіне үлкен сенім артуым.  Өйткені дәл қазір біздің елімізде, біздің елімізде ғана емес әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұл  ілімді түсінетін орта да, халық та, Тәңір талабы дәрежесінде толысып, қалыптасып отырған жоқ.  Бұл - әзірге маңдайдағы жазылған тағдыр. Дегенмен, діндарлар  үшін бұл пән өте қажет. Бұл - бір

Екінші, бұл ілім – жалпы қалың бұхара үшін емес, Аллаға дұғасы жеткен құлшылық Иесіне, Алланың рахмет есігі ашық жандарға арналған. Алланың Рахмет есігі әр дайым ашық болғанымен, әр адамдағы рахмет кіретін жүрек есігі ашық бола бермейтінін алдын-ала ескеруіміз керек. Есікті  ашар алдында Жаратушымызға  "Ей, Раббым! Маған рахмет есігін аша гөр!" -деп дұға бағыштаған мақұл. Бұл орайда  қасиетті Құранда; "Аллаһ кімді оңғарса, сол тура жол табады. Ал кімді адастырса, оған әсте көмекші, жетекші бола алмайды. Сен оларды ояу деп ойлайсың; негізінен олар ұйқыда еді" ("Кәһф" 17-18 аят) - деп жеткізгенін есте ұстауымыз керек.

Үшінші, Құранда Ілім иесі деп Ғызыр ғалейһиссалам нақтылы аталып көрсетілген. Осы орайда,  Жаратушының Әмірімен Ғызырдың (Жаратушының Әмірінсіз ешбір тіршілік өздігінше іске аспаған және аспайды да. Б.А.) кей адамға қонатынын, жолығатынын, онымен сұхбаттасып әңгімелесетінін жоққа шығаруға болмайды. Сондай бақытты пәнденің бірі ретінде бүгінгі Әліппені дайындауда мен Ғызырдың кеңесін ғана емес, оның Ғайыптан жеткізген әңгімесін де осы кітапта толығымен пайдаланып отырғанымды алдын-ала ескерткім келеді.

Мен соңғы жыл көлемінде Ғайыптан түсірілген бірнеше ілім кітаптарын қабалдап алып жарыққа шығардым. Осы мұғжиза кітаптарға орай  Аллаһтың Әмірімен Ғызыр ғалейһиссалам маған осы әңгімені де ашық аянмен жаздырғанын айту,  аманатқа қиянат жасамағандығым болар деп есептеймін.  Сондықтан дайындалып отырған Әліппенің алғы сөзінің өн бойында  Ғызыр сөзіне түсіндірме толықтырулар ғана айтып отыруды мақұл көріп отырмын. Сонымен сөз  ҒЫЗЫР ғалейһиссалламда; 

- Сен ІЛІМ деген сөзді үлкен етіп жазшы. Бұдан соң БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ІЛІМ деп тағы да үлкен әріптермен жаз. Осы үш сөздің діңгегі біреу – дін!  Діннің қолыңдағы нақты көрінісі не – ҚҰРАН! Құран - Алланың сөзі, оның өзгермеуін Алланың өзі қорғайды. Сондықтан біз де ілім туралы өз сөзімізді осы Құран аясынан шығармай ұғындыруымыз керек. Ол үшін Құрандағы "Кәһф" сүресінен 65 аяттан бастап 83-ші аятқа дейін өзің ашып, дауыстап оқып шық; 

- 65. Сонда екеуін жартастың қасында Біз рахым еткен және білімімізді үйреткен құлымызды кездестірді. 66.Оған Мұса (ғ.с.); "Мен сен білетін білімді үйрену үшін, саған еруіме бола ма?"-деді.  67. Ол; " Сен маған еріп жүруге шыдамайсың ғой"-деді. 68. «Сырын білмейтін жағдайлар кездескенде сенің сабырлық сақтауға шыдамың жетпейді»-деді.  69.Мұса (ғ.с.) "Алла Тағала қаласа, мен сабырлы болармын. Сенің істеріңе қарсы келмеймін"-деді. 70. Ол; "Егер маған еретін болсаң, өзім айтпайынша менен істің жайын сұрама"- деді. 71. Сөйтіп екеуі бірге жолға шығады. Келе жатып ол бір кемені тесе бастайды. Мұса (ғ.с.); "Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Сен өте ауыр қылмыс жасадың"- деді. 72. Ол; "Менімен бірге жүруге шыдамың жетпейді- деп едім ғой саған"-деді. 73.Мұса (ғ.с.); "Ұмытқан нәрсемді есепке алмашы. Ол үшін мені қолайсыз жағдайда қалдырмашы"-деді. 74. Екеуі келе жатқанда  оларға бір ұл бала кездеседі. Ол баланы өлтіреді. Сол кезде Мұса (ғ.с.); "Сен жазықсыз біреуді өлтірдің. Өте ауыр қылмыс жасадың"-дейді. 75. "Сен менімен бірге жүруге шыдай алмайсың -деп айттым ғой!»- деді. 76.Мұса(ғ.с.); "Егер бұдан кейін сенен бір нәрсе сұрасам мені ертпеуіңе болады"-деді. 77. Екеуі тағы бірге жүріп, бір қалаға жетеді. Қала тұрғындарынан тамақ сұрап еді, олар екеуін қонақ еткілері келмеді. Қаланы аралап жүріп бір құлайын деп тұрған үйді көрді. Сосын оны тіреп жөндеп қояды. Мұса (ғ.с.); "Егер қаласаң, сен бұған ақы алар едің"-дейді. 78. Ол; "Сен екеуміздің бөлінетін кезіміз жетті. Мен енді сенің сабырлық етуге шыдамың жетпеген нәрселердің мән-жайын айтайын"-деді.  79. Бұл кеме теңізде кәсіп істейтін кедейлердікі болатын. Арғы бетте барлық бүтін кемелерді тартып алатын патша бар. Сондықтан мен оны ақау жасап тестім. 80. Өлген баланың әке-шешесі мүміндер еді. Ол өскенде әке-шешесін діннен бездіріп, оларға құлшылық еткізбей, қарсы шығатынын сезіп, содан қорықтым. 81.Раббылары әлгі баланың орнына ниеті дұрыс, мейірімді, таза перзент беруін қаладым. 82.Ал біз жөндеген үй осы қаладағы екі жетім баланың үйі еді. Ол үйдің астында ол екеуіне тиесілі қазына бар еді. Олардың әке-шешелері жақсы кісіден болғандықтан, Раббың ол екеуі ер жетіп, қазыналарын өздері тауып алуын қалады. Бұл - Раббының рахымы еді. Мен бұл істерді өздігімнен істеген жоқпын. Міне, осы сенің сабыр сақтай алмаған сұрақтарыңның түсінігі. ("Кәһф" сүресі).

Енді осы аяттарды жазып отырған Әліппеңнің кіріспесіне ендір.  Бұл - менімен  Мұса пайғамбар екеуміздің арамыздағы Құранда келтірілген әңгіме. Мен - Жаратушының әмірімен  Ілім иесі болғандықтан  ілімді саған осы аяттармен түсіндіргім келіп отыр.

Осы үш оқиғаның ішіндегі әңгімені бала өліміне байланысты оқиғадан бастайын. Аятта Мұса менімен кездескен кезде, менің келе жатқан баланы өлтіруім туралы айтады. Сол кезде ол мені көзімен көрді және болған жайтты  білді. Енді осы оқиғадан ғылым деген мағананы шығаралық. Ол маған қарсы сұрақ қойды да, менен жауап сұрады.

- Сен неге, не үшін өлтірдің? - деді. Ол біріншіден менің өлтіргенімді біліп қана қойса, ал енді екіншіде ол менен "Сен не үшін өлтірдің?" деп сауал қойды. Бұл орайда онда  қорқыныш та, қызығушылық та болды. Ал осы екі деңгей – білу мен анықтау, ол  адам баласы мен пайғамбарларға берілген дүние. Ондай болса мына дүниенің немесе оқиғаның неден пайда  болғанын білдің, оны білесің, бұл – білім. Бұдан соң келесі сатыда көзіңмен көргеніңнің қызығып- ар жақ, бер жағын ашып, соны қабыл етесің. Енді бұл арада оқиғаны зерттеу ретінде өзіңе қабыл етесің. Болған нәрсенің екжей-текжейін көзбен көріп, зерттеу арқылы  қабыл ету бұл – ғылым.  Осы екі дүние - білу мен анықтау, немесе білім мен ғылым  жер бетіндегі адамдарға, пайғамбарларға берілген. 

Маған, Ғызырға берілгені, осы екеуінен тыс ерекшелік, ол - Ілім.  Мұса осы Ілімді ұқпады. Оны Жаратушының өзі бермесе ол ұға алмайтын еді. Себебі ол оның көз алдында болып жатқан жағдайға шешім айтуда - ол Ілімге қателеседі. Оның ойынша ол жерде мен Ғызыр - адам өлтіргіш, жауыз ғана  болып тұрамын, тіпті Құдайға қарсы, имансыздық  қимыл жасап тұрған болып тұрмын ғой. Әрине, ол - оның ойынша. Ғылыми түрде ол тек соны ғана айта алады. Ғылыми түр мен тілде; "Бұл адам нақақтан адам өлтіруші"- деп қана маған анықтама бере алады. Ал Ғызырдың ол баланың неге өлтірілгені, ол адам өлімінің не үшін қажеті болғаны, ол адамның ол жерде тағдырында не деген жазу бар, Мұсаға ол жерде ол Ілім ретінде берілген жоқ. Мен Аллаһтың әмірімен ерекше Ілім иесі ретінде, ол баланы алдын-ала өлтірілу керек болған соң, көктің берген Әмірімен өлтірдім. Себебі ол; «мына жерде ағып келе жатқан судың алдында кедергісі болмасын»- деп алып тасталынатын зат тәрізді болғандықтан, алдын-ала оның тағдырын көріп тұрғандықтан жасалды. Ондай болса - Ілім деген, ғалым көрмейтін, көре алмаған, оны өзі ойлап дәлелдей алмайтын таңдаулыларға ғана берілген  дүние. Ғалымдар қанша жерден шуласса да, таласса да, ғылыми өз дәрежесінде ғана қалады. Ілім дәрежесі - ол өте биік, оны Білім мен Ғылымға қарағанда, ЕРЕКШЕ деп айтады.

Ал екінші оқиға жаңағы біреудің үйіне қонған кезде үй иесі ас бермесе де оның үйін жөндеп кетуіміз. Себебі ол жетімдердің әке шешесі о дүниелік болмай тұрғанда жақсы жандардан  еді. Ілімнің тереңдігін осы жерде ұғып отырсың ба? Оның әке шешесінің дұғасы өздері тірі кезінде Алла Тағалаға жеткен, олар құлшылық жасаған. Ондай болса ол - ілім.

Біздің «Құдайы қонақпыз» - деп келгенде ас бермеген, ештеңе көмек бермеген үйдің қорасын жасап беруіміз, бірақ ол адам бізге еш жақсылық жасамаған жан болған соң, ғылым түрінде маған Мұсаның;

- Сенікі дұрыс емес - сен ол жұмысыңның ақысын ал - деуі ғылыми түрде ол дәлел. «Шынында да сен құлап тұрған біреудің дүниесін жасадың, ақысыз, енді сен соның ақысын алсаң болады ғой"- дегені ғылымның дәлелі. Ілім дәлелінде оның сыры өте терең, оның баяғыда қайтыс болған әке шешесінің, Аллаһтан сұраған дұғасы қабыл болып, ол адамдардың жақсылығы сондық артық болғандықтан, Жаратқан Йем олардың екі баласына, өте үлкен пайда дайындап беріп жатыр. Бұл - ілім.

 Үшінші оқиға - менің кемені тесуім, Оған; "Нақақ біреудің дүниесін сындырдың"- деп Мұсаның шырылдауы. Ол сол жерде дұрыс шырылдап тұр. Себебі ол пайғамбарлық деңгейде өз пікірін өте орынды  айтып тұр. Пайғамбар қанша жерден пайғамбар болса да, ол өзі білетін ғылым деңгейінде қалады. Нақты Аллаһтың білімін, Аллаһтың бергенін алып, ғылыми түрде дәлелдегендерді пайғамбарлар дейді. Ораза ұстау керектігін ол Аллаһтың айтқанымен орындауда. Оның арғы жағында не тұрғанын құлшылық  деп қана біледі. Ал ораза ұстанудың арғы жағын Ғызыр басқаша көреді. Оны ол Ілім көзімен көреді.  Ал енді Мұса ілімді ұқпады. Оны Алла бермесе ол ұға алмайтын еді. Себебі ол оның көз алдында болып жатқан жағдайда ол - ілімге қателеседі. Оның ойынша мен Ғызыр адам өлтіргіш болып тұрамын. Құдайға қарсы қимыл жасап отырған болып тұрмын.  Әрине, ол - оның ойынша. Ғылыми түрде ол тек соны ғана айта алады. Ғылыми түр мен тілде. "Бұл адам нақақтан адам өлтіруші"- деп қана маған анықтама бере алады. Ал оның ішіндегі, ол баланың неге өлтірілгені, ол адам өлімінің не үшін қажеті болғаны, ол адамның ол жерде тағдырында не деген жазу бар, Мұсаға ол жөнінде ілім ретінде берілмеді. Одан әрі үш жағдайға да шыдамсыздық танытқан пайғамбардың денесі шыдай алмай, өз ойынан бас тартатындығын мойындады. Ол сол пайғамбарлығында, сол Аллаһтың ғылым дәрежесін жеткізумен, сонымен шектеліп қалды.

Қайталайын, басы «жанымдағы адаммен, 100 күн жүрсем де, қайтсем де мен, екі теңіздің қосылған жеріне барам»- деп айтқаны Мұсаның. Ол айтарын айтып алып, шыдамсыздық танытты, «Алла бұйыртса»- деп те айтқан жоқ, «100 күн жүрсем де»- деді. Сөйтеді де тура сол жерге барған кезде балыққа жан бітіп, сол жерге жеткенде ол балақ суға ағып кетеді. Ондай болса Аллаһ оны алып барды деген сөз. Сөйтіп ол Аллаһтан сұраған арманына жетіп, Ғызырмен кездесті. Негізінде пайғамбарлардың ішінде нақты Аллаһпен кездесу қақында Құранға түскен осы пайғамбар ғана. Әрине, басқалары да кездескен. Бірақ олардың сөздері Құранға түспеген. Мұны түсіру себебінде, Аллаһтың саған  үш мәселеде, саған, сенің тағдырыңа, жауап беретін сөзіңе, осы төрт аят қызмет етеді. Ғалымдар дін мәселесінде сенен артық біледі. Бір қызық-кереметі - сен діни тұрғыда өзіңе берілген қасиетпен оны ілім жағынан көре білесің.

Мынаны біліп ал, осыдан кейін сен  «мына адам кінәлі, күнәһар» - деп айта аласың ба? Оны Алладан басқа ешкім білмейді. Сен ғылым деңгейінде ғана көріп білесің, сондықтан  біреуді күнәқар деп айтуға сенің ешуақытта қақың болмайды. Себебі, сөйте тұрып,  ол адам мүмкін, Аллаһтың әмірін орындап жүрген шығар. Сол себепті де Жаратқан Йем, аяттарда айтады, «ол адамды күнәһар деп күнәлауға болмайды». Ғалымдарға айтатын сөзің мынау; Аллаһ Тағала бізге, саған, маған Құранды берген кезде,  ақ пен қараны шешіп үйрен деп айтқан, бұл бізге берген ғылым - дін ғылымы. Ал мұның артындағы ілім, таңдаулыларға берілген. Ол пайғамбарлардың көбіне берілмеген, әулиелер сол ілім жағынан ерекше ілім алғаннан  кейін барып ғалымдықтан өтіп, әулиелікке көшкен. Әулие - бар.  Әулиеде биік деңгей бар. Әулиелердегі сол биік деңгей бірақ ерекше  ілім алған Ғызырдың іліміне пара-пар болып жетпейді. Ғызырдың алған ерекше іліміне жетпейді! Аллаһ Тағала тұтас ілімді Ғызырға бергендіктен, сол рас болғандықтан, бізде әулиелер дамыған. Себебі олар көзбен көрген ғылыми дәлелдің артын іліми ерекше дәлелде көргендер. Әулиелер - көзбен көрген ғылыми дәлелдің артын іліми ерекше дәлелде көре білетіндер! Біз қара деп көргенді олар ақ деп жеткізе білгендер. Біз ақ деп көргенді олар қара деп жеткізе білгендер. Осыларды ілім иелері деп айтады.

Осы  екі ауыз сөзді айта білсең саған жетеді. Әрі өзіңнің мыйыңда да қалады, есіңде де қалады, ойланатын түгі жоқ. Ғалымдар саған сөйлеймін дегенде, алдымен  аят айтылады, ә деп әңгіме бастағанда Мұса айтылады, себебі ол саған "дәлел қандай?"- десе, сен пайғамбар Мұса жайлы айтасың.  Пағамбарлықтың өте үлкен деңгей екенін сол заманда-ақ бәрі білген, бірақ  ол кезде әулиелік соншалықты дамымаған болатын.

Мен қазір бұл мәселені неге қозғап жатырмын, әдейі Аллаһтан сұрап неге саған келдім? Өйткені, сен Аллаһпен сөйлесуіңде күллі сұрақты ілімнен бастадың. Ал мен сені алдын-ала дайындап кетудемін. Ендігі жерде осы іліммен сен баратын үлкен ортада бәрі белгілі ғалымдар болады, сол кезде сен саспай өте терең сабырлықпен осыны мысалға келтір. Осыны мысалға келтіргенде ғана олар сенімен шатыса алмайды.  Сенің сүйенетін, айтатын дұғаң тек осы Аллаһтың сөзі, осы дәлелмен  ғана сен шығасың.

Кешегі күні Сіз Аллаһқа; "Алла сенің беріп жатқан асыл ақ жолыңда, қызметіңде, сенің аузыңнан шыққан дуаларды орындауда маған көмегіңді бер, таза отырып бір қалыпты осы беріп жатқан дүниеңді қабыл алайын"- деп Ғайыпқа Хатпен ниет айтқан екенсің. Аллаһ Тағаланың бұлай шынайы өзімен сөйлескендерге шексіз мейірімі үстем түседі. Сол арада Жаратқан Иемнің саған берген батасымен Аллаһ Тағалам ілімнің ерекшелігін маған да үйреткен. Осы жолда, осы бағытта Ғайыпта қаншама кітаптар бар, соның біреуін саған «11 кітап»- деп сұрап алғам, үш-төртеуін Құдай қаласа таяу арада қабыл ететін боласың. "Басқасы осы жобада қалып қалмай ма?"- деп мен бүгін Әмірден сұрадым. Алла бұйырса «осы жобаның  тоғызыншысында қалаған кітабыңды береді»- деп ұрықсат берді. Сол қуанышты хабарды айтуға да жеттім.

Міне, Ғызырдың ілім жайлы  маған жеткізген әңгімесі. Енді осы жерде бәрімізге есімі етене жақын, Йәссауийге амантын жеткізуге келгенде өзімен бірге Ислам діні тарқаған жерден 718 кітап көтеріп келген («Шәсім немесе жылан терісіне жазылған дініи жылнама» кітабынан. 9- бет. «Үш қиян баспасы, 2015 жыл.)  АРЫСТАНБАБ САХАБАНЫҢ маған оқытқан ілім кітабынан мына бір үзіндіні келтіргім келіп отыр;

«Ілім жеті түрде келеді; бірінші түрі, ол сол ілімді алып туылған болып туыласың, Ол Аллаһтың әмірімен. Екінші, сен өзің іздену арқылы сұрайтын ілім, Алладан жалбарынып сұрағанда беретін ілім, үшінші, Аллаһ өзі таңдаулыларына адам арқылы, періште арқылы, жан-жануарлар арқылы, түстер арқылы, жіберетін ілім, төртінші, толтыру ілімі, сен сөйлеп айтқан сайын орыны келтіріліп отыратын ілім. Сен осыдан өттің. Бесінші, Нақты уайымда отырсың сен, «қалай отырмын?»- деп ойлайсың. Сен Аллаһтан сұрадың, Аллаһ тіке саған айтып жатыр. Аллаһ қашанда үлгереді ілімін беріп сендерге, үлгіріп жатады, үлгіртеді, үлгіртіп аяғына апарады. Одан кейінгі алтыншы, ілім ол өтеді, рухтар қонған кезде, рухтандырған кезде, сен басқа ілімдіні рухтандырған кезде ол саған қапталады.  Жетінші өзің рухқа айналып барып, Кітап оқып келесің. Мұны ТАҢ БІЛІМІ білімі тармақтары дейді, балам.

Енді осы жетеуінің қайсысын сен игеріп жатырсың. Аллаһ қайсысын саған игертіп жатыр,  оны өзің ілім Кітаптарын жаза бастағанда көресің. Олай болса сен ілімде отыр екенсің. Аллаһ бүтін бәрін қамтып жібертуі де мүмкін өзінің құдіретімен, йа болмаса айналдырған екі-үшеуімен-ақ ілімді көтеріп жіберуі мүмкін. Кейініректе мынадай қасиетті күшейтіп, жоғарыға шақыртуы да мүмкін. Рухыңды тазартқан сайын, сенің рухың тазарған кезде ғана, өте биік деңгейде тазарған кезде ғана сен жоғары ұшып кете аласың. Ол үшін сүре бүтін бітіп, Аллаһ саған ұрықсат беруі керек. Аллаһтың ұрықсаты, Аллаһтың әмірін орындауыңда ғана жүктелініп отырады. Сен орындап қана, мойындап қана өтесің ол жаққа, Аллаһ тапсырумен ғана сені сынап отырады. Сондықтан Құран жолында менің саған айтарым, ас та көп атануым да, менің жолда жүруім де, мен тек орындаумен және мойындаумен ғана көкке кеткенімді саған айтамын. Осы жөнінде ойлан.

Әлі сүйрейді, әлі Аллаһ айтады, әлі Аллаһ сені ілімге келтіреді. Ілім алуың үшін Тәңірім сені жанына шақырады. Оғанға дейін ілім жолына салады. Сол ілім жолымен сені көкке апарады. Ілім алатындар тақуадан да биік болып кетеді. Қазір тақуаның да, сахабаның да, мүміндердің де қасиетін саған тарқатады Аллаһ. Нәпсің күшейіп кетсе соны сыйдыра алмай қалуың да мүмкін. Өз-өзіңді нақты ұстай алатын, Аллаһтың әміріне көне алатын жағдайыңа сенген жағдайда ғана сен осыны іске асырасың. Саған келіп жатқан рухтардың бәрі осы қалыпты түгел алып шыққандар, сөйтіп бастағандар, сөйтіп шегіне жеткендер. Олар біреуді сыйқырлап өте салған жоқ, олар тырысып, өзінің шыққан болмысын мойындағаннан кейін ғана сол жолда болды. Адам Ата да сондай іліммен пайда болғандықтан нұрланып тұрған. Мұның бәрі – нұр, бәрі бір-ақ – нұр. Аллаһтың өзінің өлшеп, қиып, кестелеп берген дүниесі. 

Мынау Ғызырдың маған Алматыдағы Ислам университеті шейхімен кездесуге барарда алдын-ала жеткізген әңгімесінен үзінді.

«... Екі күн көлемінде, бүгін бе, ертең бе, сенде осындай ерекше бір кездесу болады. Енді соған берер қосылым, Жәбірейілдің саған беретін көмегінде, Аллаһ Тағаламның айтуында, олармен сөйлескенде сенің бойыңда соны айтып отырған кезде, ғылымдарлық емес, ілімдарлық болуы керек. Себебі сен оларды ғылыми көзбен көрмеуің керек. Бұл саған Жәбірейіл періштенің беріп жатқан көмегі. Сен оларға  ғалым ретінде бармауың керек. Ғалым ретінде баратын болсаң екеуің теңесіп қаласың. Бұл біріншіден болса, екіншіден сен ғалым болып та  бара алмайсың, себебі сен араб тілінде жетік білмейсің, енді сен барсаң ілім иесі  ретінде барасың. Ал енді ғалым мен ілімдінің айырмашылығы - ғалымдарда сабырсыздық бар. Оларда - сабырсыздық, тәкаппарлық, менмендік бар. Себебі ібілістің шыққан шегі ғалымдарды бұза алады. Ілімділерді олар бұза алмайды, мүміндерді бұза алмайды, тақуаларды бұза алмайды. Ғалымдарды олар кетіре алады. Себебі ғалымдар екжей-текжейін білу мәселесінде олар менменсіп кетуі мүмкін. Ал тақуа мен мүмінге екжей-текжейдің қажеті жоқ. Олар Аллаһты бар деп қабыл ала салғандар. Қорқатындар, барынша орындауға тырысатындар, ештеңе сұрамай жүретіндер. Ондай болса сен оларға тақуа көзбен де қарауың керек, мүмін көзбен қарауың керек, екінші көз, үшінші көзіңде де ілім көзімен қарауы керек.

Жәбірейіл ғалейһиссаламның айтуына қарағанда сен ілім көзімен қарай аласың. Ғұламаларға барғанда сенің оларға ілім көзімен қарауың, сенің ойлап отырған кездегі сабырлығың туралы. Олар а дегенде сені қабыл алар мәселесінде, көлденең перде тұрады. Сол пердені сен көріп тұруың керек. Көргенде ол қолмен ашатын перде емес. Жүректегіні сен біліп, қазір анау не айтатынын аңғарып тұруың. Сен аңғарасың қай кезде, сен ілімдарлықпен, йә тақуалықпен, йә мүміндікпен аңқайған бала мінезіңмен отырып тыңдаумен ғана. «Қабыл алдым»- деп, оған "мен саған разымын"- деп. Себебі ол Аллаһтың қазынасын айтуда.

Жәбірейіл саған үнемі не дейді, "ашулансаң да ризамын"- дейді. Себебі сенің аузыңнан қазынадан сөз шығуда. Мұны бұрмалап жатсаң да, сен Тәңірімнің сөзін айтып жатырсың. Себебі сенің жаныңда Аллаһ тұр. Сол себепті біз саған қатты айтпаймыз. «Алла разы болсын»- дейтініміз Аллаһ отырады қасыңда. Сен де Жәбірейіл сияқты басқа адаммен сөйлескенде, оны қоштауыңда, құптауыңда ғана ұтасың. Дінде қарсылыспайды. Дінде қоштайды, қол ұстасады, бірігеді. Сонда ол сені қабыл етіп тыңдайды. Ондай болса сен қолыңды салып, онымен қол ұстасып, ұстану, дінді, ғылымды, іліммен жалғауда  дәнекерлік қызметін жасайсың. 

Ғылымға қарағанда  ілім мәселесі ол шексіз, ғылым мәселесінде деңгей бар, білім мәселесінде де деңгей бар. Оны сен өз аузыңнан ұлықтағайсың. Себебі басқалармен сөйлескенде оларда ілімдік  деңгей жоқ. Сол себепті де қандай сұрақ болса да, «мен сол сіз қабыл алтындай жағдайда, түсіндіріп бере аламын»- де. Бұл ауқымды келген жоспар, Құранға  табынып, Аллаһқа табынып, Құранның сөзін жаттап қана емес, соны бүтін киіп қабыл ету мәселесінде берген ілім.

Міне, Ғызырдың осы әңгімесінен байқаған боларсыздар, Алла Тағаламнан тікеден-тік мен қабылдап алып жарыққа шығарған «Аллаһтың маған аяны» («Қазығұрт» баспасы, 2015 ж.) атты кітаптағы Құранның 114 сүресінің тәпсірін маған делдалсыз түсірумен бірге,  сол Ілімді үйретуде Жәбірейіл ғалейһиссалам періште мен Ғызыр ғалейһиссаллам қатар ұстаздық етті.

Құранда «Жәбірейілдің ілімі, Ғызырдың ілімі» деген сөз ұшыраспайды, бұл орайда дін ғұламалары да ештеңе айта бермейді, ал маған сабақ ретінде осы қасиет иелері Алланың әмірімен жеке-жеке өздерінің «Ілім кітаптарын» түсірді. Ол «Жәбірейілдің ілімі», «Ғызырдың ілімі» деген атпен көлемді-көлемді кітап болып баспаға жеке дайындалуда. Бұған қосымша Ғызырдың жердегі болған аңыз әңгімелері мен өзінің басынан өткерген әңгімелері де жеке кітап болып Ғайыптан жетті. Ол да жеке-жеке кітап болып өндіріске әзірленуде.

Осы жерде «бұл қалай келеді, сіз қалай қабылдайсыз?» - деген  сұрақтар туатыны бесенеден белгілі. Бірақ ауыз тұжырым-жауап;

– Маған ол аян болып келді. Айтылу арқылы, түс арқылы, тұрғызып алып сөйлесу арқылы, Құран аштырып аятпен сөлесу арқылы, кәдімгідей отырғызып қойып өзімді тергеу арқылы, есеп сұрау арқылы. Сондай түрлі жағдайларда мен осыны қалыпқа келтірдім. Аллаһ маған сансыз амалдарды көрсетті. Сосын ғана мен ілімінің бар екендігін толық мойындадым.

Маған Жәбірейілдің айтқаны бар;

«... Кейбіреулер сенің сөзіңе орай «Оны бізге шайтан айтады, жын айтады"- деген мәселені қозғайды, оларға айт;  Адам баласын жын да, шайтан да көріп тұрады. Оны адамдар көрмейді. Олар жүрегіміздің қобалжуына жақын тұрады. Біз қобалжи бастасақ олар, жанымызға жедел келе алады. Себебі олар бізді аңдуда.   

Аллаһ Тағалам жеті көкті жаратқан кезде, Жер мен көкті шақырып алған кезде, екеуі  Аллаһтың алдына қорқып келді. Себебі сол кезде Аллаһ шырақ жұлдыздарды жаратты. Егерде жер бетінде шайтандар мен ібіліс жүрмесе, соны ататын шырақтардың  керегі не еді Аллаһқа?  Ғайыптағы кітаптарды Аллаһ сөйтіп сақтатқан жоқ па? Себебі Құран бізге Ғайыптан келді ғой, сол жақтағы кітапханадағы Аллаһтың сөзі ғой бұл. Аллаһ Құранды өзі сақтағандықтан, оны ешкім бұза алмайды. Құран тілінде сөйлейтін жын болса мүмкін сөйлейді,  ілімді жақсы білетін ғалымдар да. Бірақ олар оны тақуалықпен ұстанбайтындар. Олар әрине сөйлеуі мүмкін. Себебі, ібіліс те, шайтан да білім алған. Ал ілім - оларға дарытылмаған. Аллаһ оларға бермейді. Сондықтан мен мұны қате деп анығын айта аламын. Саған жын келіп сыбырлап айтатындай мен алған Ғайыптағы кітап, адамды Құранға бас идіртіп жібермесе, еңіретіп Аллаһтан кешірім сұратпаса, кері қайтармайды. Нақты сенген тақуа мен нақты сенген мүмінге олар жолай алмайды, жақындай алмайды. Өйткені нақты тақуа мен нақты мүмінді Аллаһ оларды Құран сияқты сақтайды.

Ал енді кішкене ғана сенбеген адамның жүрегіне ол  кіріп кетеді. Ол менің сөзім емес, Аллаһтың сөзі. Себебі аятта осылай айтылған дұғалар бар»- деді.

Енді менің бір айтатыным, сіздер менің тақуалығым, оның қандай дәрежеде екендігі, болмаса жалпы  тақуасың ба, сенімің қалай?- деп сұрайтын сұрақтарыңыз туралы. Бұған жауап бұл біртіндеп келе жатқан дүние, менің сенімімді күшейтуі. Сонша жыл уақытымның өтіп кеткеніне  өкінемін. Бұл Тәңірімнің қалауы болға соң, саусақпен санайтын айда, төрімнен көрім жақын тұрғанда, мойындатқан Аллама разымын.

Бұл  діни жобада, менің ұсынған кітаптарымда, оның басы да, аяғы да, Аллаһтан келгенін дәлелдеп отыратын әңгімелер жеткілікті.

Осы ілімді ала отырып мен рухтың не екенін ұқтым. Аллаһтың айтатын аяттағы сөзі; "Кім келсе де, ей Мұхаммед, оны сен тазарт, ниет етіп келген болса"- деуіндегі тазарту сөзін енді түсіндім. Тазарту, аршу мен мыңдап оқитын аяттардың жанында қайталап оқитын дұғалардың жанында, мыңдап «Фатиха» оқитын болса, соның сан есесі,  бір оқыған сүремен тепе-тең түсетіндігін аңғардым.  «Фатиханы» оқып жығылғанның артықшылығын ұқтым. Бұның маған жеңілдігін Аллаһ түсіндірді. Себебі мен қандай молдаларға жүгінсем де,  ғалымдармен сөйлессем де, олар маған сол Аллаһ айтқан сөзді реттеп, не айтқысы келіп тұрғанын, не айтқанын,  өзінің ғылми деңгейінде ғана жеткізді. Ал іліми деңгейде мен оны түсінбегендіктен, Құранды ғана солардан сұрайтынмын. Ал енді ілім дәрежесінде маған түсіндіргенде мен күллі ұрпағыма да, күллі мұсылмандарға да, Құран біздің тағдыр екендігін, расында да  жоғарғыдан келген кітап Құранмен жалғас екендігін, ондай болса Құранды оқи отырып сен Аллаһтан сұрап өз тағдырыңды өзгерте алатындығың мәселесінде -ілім бетін ашу арқылы Аллаһ маған үйретті.  Ол уақиғалар жоғары жақта жазылғандықтан тоқтаусыз маған айтылды.

Мен өзім, араб тілін оқи алмаймын, мен жаттағанды да еске ала-алмаймын.  Бірақ Аллаһтың құдіреті соншалық маған Ғайып ілімі арқылы қатты сүйсіндірумен әр аятқа басымды ұрғызды. Әр дүниеге жүрегімді қосты. Басқан топырағым пен одан ұшқан тастың өзі де "Аллаһ қарап тұр"- деп айтатындығын қабыл алдым. Бұрын "Күре тамырдан жақынмын"- деген аятты оқи жүрсем де мән бермейтінмін, енді «жақын»- десе «жақын»- деймін, оның қандай жақындығын сол берілген, сол келген іліммен ғана қабыл алдым. Ондай болса менің дәрежем ғылымдықты қабыл етпейді екен, ақ пен қараны мен  Құраннан көрдім, менің  денем және өзім де жазатын болғандықтан, Аллаһ мені осылай жаратқандықтан, мен Аллаһтан артық сұрап жүрген шығармын, сол себепті де Алла маған, осыны жіберді. Сансыз пердесімен сөйлессе де Құдайдың өзі біледі, жанымда отырып сөйлессе де Аллаһтың өзі біледі. Бірақ менің алдыма шынымен-ақ Аллаһпен сөйлесу мәселесі қойылып, Тәңірім маған осыны жік-жіктеп, бір талдап, әр аятты түсіндіргендіктен, мен осыны қабыл алдым.

Бір шамалы шегініс, көзіміз көріп, соған көз жұмып қарап жатқан тағдырлар бар ғой. Нағыз дозақ отына жанатын өз баласын өзі өлтіріп жатқан, зиналық жасап жатқан, одан да басқа санасаң сан жетпейтін талай күнәлар біздің көзімізше жасалып жатыр. Ондай болса ертеңгі барар дозақтың ішінде қазір отырып соларды көрудеуде солар бізге жұқпауда деп кім айта алады? Бәрімізге ол жұғып жатқан жоқ па?  Бәрімізге ол жұғуда. Сен көргеніңді жасамағанмен сенің балаң бар ықыласымен соған әуестенуде. Тіпті саған көрсетпей көзді ала бере компютерден оны қызығып көруде. Осыны көргендер Құран тұрса да « анау адам өлтірсе де байып жатыр ғой, анау біреуден тартып алып көлік мініп жүр ғой, анау анаған үстемдік жасап жатыр ғой...»- деп олар осы жалған дүниеде-ақ дозақтың ішіне кіріп кетіп жатыр. Өйтіп сөйлейтіндері бізде осы мәселені Құраннан балалар оқып жатқан жоқ. Сондықтан бұл мәселені Маған Аллаһ жазу үшін беріп жатыр дер едім.  

Мен оқырмандарға Ғайыптан қабылдап ұсынған «Аллаһтың маған аяны» атты кітап Құран емес, бірақ Құрандағы осындай мәселелерге жақын. Кітапқа сенімің болмаса келісіп отырып бірге оқиық. Өзгертетін жері болса Аллаһ маған аянын береді. Өзгертпейтін жері болса сол қалпы қалады. Тіпті Құранды да өзгертуге Аллаһтың өзінің қақысы бар. Аяттарды да өзгертіп жіберуге Аллаһтың қақысы бар ғой. Басқамыздың қақымыз жоқ. «Тыңдап, осы күйде қатып қал»- деп ешкімге айтпаймын. Өйткені мен білмеймін, Аллаһ мүмкін мұны тағы өзгертіп жіберетін шығар. Бірақ менің сіздерге айтпағым осы  мәселеде бірге болайық. Бірге болып қол ұстасып, ақылдасып, шынымен-ақ ақырын бірге көрейік. Біздің екі елдің басын қосқаннан басқа, дінімізді тереңдетіп, ұрпағымызды аман сақтап қалғаннан басқа ойымыз жоқ. Біз мұнда "патшаға қарсы шық"- деп үгіттеп жатқан жоқпыз. Патшаны қандай болса да біз оны ғылым түрінде ғана көреміз, ілім түрінде байқап отырған жоқпыз, мүмкін де оның арқалап отырған жұмысы ілім түрінде пайдалы шығар, біз білмейміз".  Ал енді бұл оқулық болып шығатын болса, мектептерді осы әңгіме дін ретінде аралайтын болса, әр бала имани қылыққа келген кезде, Құдайдан қорқатын болады.

Мен ілімнен білім алғалы  ана зиратта жатқан әулиені «Ол -әулие»- деп мойындадым. Ол маған дәнекер бола алмаса да, ол сол кезде дәнекер болғанын дәлелдеп жатқан адам. Мен оны көре алмасам да, ол менің дұғамды еститін адам. Мен жай адам, жалаң аяқ адам, бүгін патшаға барам деп тікеден-тік сөйлей алмайтын адам болғандықтан, менің күшім жазуға түседі де, сол патша сарайының ең табанында тұрған көмекшісімен ғана сөйлесе аламын. Мен оған "патшаға баруым керек еді"- деп айта аламын. Әрине, ол көмекші менің ол патшаға бара алмайтындығымды біледі. Сол сияқты да, бірақ сол көмекші "мына адам қайта-қайта келіп жатыр"-деп патшаға айта алады. Сосын патша ойланады... Сол сияқты мен  де  Аллаһ Тағалаға  жеткен кезде солай жеттім.

Мен алғаш әулиелерді араладым, соларға барып дұға қылдым, олардан мен  ештеңе сұрамадым, қайта солар үшін Алладан тілек тіледім. Бірақ та олар да сол мен тілеген дүниені Құдайға  жеткізгеніне кәміл сенемін. Себебі "Шын Алланы сүйген құлдар, өлмейді"- деп Аллаһ  айтқан. Сөйтіп отырып мен патшаның ең табанында тұрған адам арқылы патшаға жеткендей болдым, Аллаһтан сұраған сұрағыма жауап алдым.

Менің жазғаным, бұл келген дүниені мен Аллаһтан сұрағам, «Құранды түсінбедім»- деп. Он адаммен Құран туралы әңгімелесіп отырсам, олар да  «Құранды түсінбедік»- деп айтатындықтан, өзім де түсінбейтіндігімнен, соның арғы тегін ұқпайтындығымнан, бір айналып келіп молдалардан сұрайтындығымнан шаршадым. Сөйттім де жылап бір күні Аллаға;  «Алла Тағалам- деп жыладым, мен тозып кеттім, менің мыйымда қалмайды сенің аяттарың, сен айтқан сөзде «ақ пен қараны біл»- дейсің, маған бәрі қара, бәрі ақ сиқты көрінеді Құдайым, бұл қай мәселеде айтылғанын мағана жеткізші» - деп сұрадым. Содан бір күні мені оятты...

Қазір менде ұйқы жоқ, өлсем де осы жолда өлетініме разымын. Екіншіден ұрпағымның бетін бұрдым, өзімнің осы жасыма дейін ұқпағанымды ұғып балаларыма тоқтау айттым. Олар қорқа бастады. Себебі Аллаһ айтқан көп әңгімені оларға оқып бердім.

Осы кітаптар шыққалы  "Саған кітаптар қалай келеді?"- деген сұрақтар қойылуда. Маған кітаптар тоқтаусыз келетіндігі соншалық жазып үлгірмей жатырмын. Айтып отырғанда қатты толқимын, көзімнен жас ағады, еңіреп жылаймын, айтып жатқан кездеде Ғайып өзінен-өзі мені қысады, көз алдымда болып жатқан дүние қазіргі болып жатқандай өтеді. Ондай болса бұл - тірі сөз. Тіпті білімсіз, кітап бетін ашпаған, оқымаған адамның өзіне оқып бергенде ойланып қалады.

Ғайып кітабы мыйға  құйылады, нақты ісіңде қапталады, сосын отырып та, тұрып та майдай шайқауға тура келеді. Майын алып аузыңа сала бересің. Ғұлама болсын, кім болсын, қандай ғұлама болса да кітапты осылай алады, тоқтатпай алады. Осы жұмысты қолға алғалы бұрын өзім білмейтін, діннен хабары жоқ бірнеше аяншылар мені іздеп келді. Олар Құранды жатқа біліп отырған діни адамдар емес, олар менен әрмен, әлі бір аяттың атын есіне сақтамаған адамдар болды. Сүренің санын да білмей келгендер болды, солар маған Құраннан сүре түсіріп берді, түсіріп отрып өздері де қайран қалды. Бұл - Аллаһтың құдіреті, бұл Аллаһтың өзінің сөйлеуі. Бұл кісіге бергені емес, Аллаһтың өзі айтуы, өйткені бәрі Аллаһтікі болғандықтан, осы мәселені алдыға  қойып отыр.

Ғызыр әңгімесінің соңы мынандай болды;

Сұрағандарға Ғайыптан өзіңе түскен жобаларды көрсет. Жоғарыдан берген жобалардың бар екендігін, жобалар осындай дүние беретіндігін айт. Бұл жобалар қай жаққа апаратындығын, ол тек қана Аллаһқа құлшылық пен бойыңды тазартуда екендігін жеткіз. Жер жүзіне, күллі жер бетіне тазарту мәселесі келіп жатқандығын дәлелде. Алла Тағалам, Тәңірім арқылы білім алыңдар деп айтқан. Сіздің елдегі көптеген ғұлама ілімділер 1937-1939 жылдары қырып тасталынды.

Бұл хабарды Жәбірейіл айтып жатыр маған. Негізі бір айналып келгенде әріден ойлаған дұшпандар  мемлекеттің тамырын дін үшін кескен. Енді бүгін соны іске асырғандар «алғы шепке шықтық»- деп бас киімін жоғары  лақтырып  қуануда. Бірақ Аллаһтан көмек келіп отыр ғой. Түсетін 200 кітаптың ішінен 20 кітап дүр сілкіндіріп тәрбиеге құрал болады. Қалғандары өмір сүру мәселесін көрсетіп отырады. Соның - Атасы да  Анасы да - Аллаһ сөзі Құран болады. Бір айналып келгенде, Құранды оқи бастағанда, осы мәселені қозғап жатыр екен-ау деген, оқылуы оңай, қабыл алып түсінуге оңай, есте сақтап қалуға оңай Тірі сөзбен келген дүние Аллаһтың бізге берген - нұры. Сенің халқыңа көру, сезу, білу, ерекше дарыған. Арқаңнан көріп тұру дарығандықтан, көріп тұру сүйегімізде ол бар. Арабтарға сауда дарыған халық болса, қазаққа алдын-ала біліп тұру Аллаһтан дарыған қасиет болғандықтан бұл кітаптар бізге түсе алады деп айтарсың. Алла разы болсын.

Әңгімені бүгінде елімізде жоғары оқу орындары үшін оқулық кітап болып баспадан шыққан  бұлақтардағы бірсыпыра ілім иелерінің ілім туралы пікірлеріне аударғым келіп отыр.

Әл Фараби; «Есіңде болсын  дүниеде субстанция мен акциденциядан және оларды Жаратушы мәңгілік Жардан басқа ешнәрсе жоқ». «Бұл ғылым жаратылыстану ғылымының өресіне сыймайды. Оны «метафизика» немесе «акаид» (Құдай тану) ғылымы деп атайды. Бұл ғылым барлық ғылымдардың басы мен соңы болып табылады, одан кейін зерттеулердің еш мағанасы жоқ. Барлық зерттеулердің түпкі мақсаты мен тағат табатын жетер шегі де осы ғылым». («Ғылымдардың шығу тегі» трактаты)

Ілімші Бәкір ғұлама ибн Рушдтың; «Аян арқылы белгілі болған ілім мен философиялық пайымдаулар арқылы алынған білім сәйкес келе ме?»- деген сұрағына Ол; «Әлемнің шексіз субстанцияларын тануда кәдімгі білімдер дәрменсіз, ол тек мистиктердің қолынан келетін іс» -деп жауап берген.   

Адам санасының бастауын іздеген ғұлама Ибн Араби - Хақ тағала мен пендені бөліп қарастырып, мынадай тұжырым айтыпты. “...Кәміл адам құдіреті - Құдайдың көлеңкесі немесе абсолютті мәндегі кереметтің қысқаша шағын көрінісі. Адам ешқашан Құдайдың қасиеттеріне ие болмақ емес. Хақтың білімі – мәңгілік, ал адамның білімі пайда болған. Жасалушыда жасау құдіреті болмайды. Кімде жүрек болса соған өсиет, кімде ақыл болса емес. Сен Аллаға оны көріп тұрғандай құлшылық жаса. Жаратқанның мәнін пайғамбарлар мен сопылар арасынан шыққан теологтардан өзге ешбір ғалымдар білген емес. Теорияшылдық оны ешуақытта аша алмайды, ол жолдағылар қашан да айдалаға лағып кетеді...”.

Осы кітапта Әл Ғазали мынадай тұжырым айтыпты; “...мен философтардың бірнеше параға, ал олардың ғылымы – бірнеше сатыларға бөлінетінін көрдім. Бірақ, ол толып жатқан паралардың қайсысына жатпасын олардың көнелері мен өте көнелерінің және кейінгілері мен ертедегілерінің арасында бірінің шындыққа жуық, екіншісінің қашық болуы мағанасында ұлы алшақтық жатқанымен, барлық философтарда сөзсіз бір ғана таңба – сенімсіздік пен құдайсыздық таңбасы жатыр” (“Фалсафа тарихы” 131 бет).

Осы жерде фәлсафа тарихы мен оған берілер тұжырымға аз-кем ой жүгіртсек.

Ерте ғасырда өз өрісін кең  ауқымда жайған грек филасофиясы орта ғасырда күйрегені тарихтан мәлім. Гректер өз қазналарына өздері иелік ете алмай қалды... Өркениет - мұрағатқа айналды... Міне, осы кезде тарих сахнасына, сол мұрағатқа кеткен грек философиясын жаңаша тірілтіп, мұсылман немесе нақтысы Ислам өркениеті қадам басты.

Фәлсафа - антикалық философияны араб тілінде өмірге келген Исламдық дүниетаным негізінде жаңаша жаңғыртып, «Аристотельді қайта тану» сабағын өмірге әкелді. Оның ілімі ренессанстық деңгейге көтерілді. Фәлсафаның да, философияның да ортақ тірегі болған ғұламалар еңбектері ең алдымен түгелдей араб тіліне аударылды. Аудармашы ғұламалар  сол кезде Аристотельді Исламдық негізде түсіндіруге ден қойды. Өйткені осы кезде Ғайыптан – ілім, ерекше ғылым ретінде тіршіліктегі алғашқы өз қадамын басты. Сол кезде бұл тосын ілімге қарсы келушілер де, қабылдамаушылар да болды және осы бір аралық сәтті оңтайлы пайдаланып,  бүгінгі Фома Аквинскийлерден бастау алған Батыс Европа философиясы, осы аудармалар негізінде жасалған фәлсафадан жаңа европалық ойлау мәдениеті философиясын қалыптастырды.

Тарих мынаны айтады, 1920 жылы Парижде Аристотель мұрасын зерттеу, анығын айтсақ, оны Ислам фәлсафасы ықпалынан қайта аршып алып, католицизм дүниетанымына сәйкестендіру ісін қызу қолға алды. Бұл істі тыңғылықты орындап, жеріне жеткізген Фома Аквинский және оның жақтастары сол кезде фәлсафашылар еңбектерін түбегейлі теріске шығару ісімен айналысты. Мұндай қимыл сол кезде жаңа-жаңа қуаттанып келе жатқан христиан діні ойшылдарына, әсіресе католиктерге ауадай қажет еді. Содан да олар Бертранның “...Мы обязаны арабам в знании греческой философии...” деген сөзі мен И.Гердердің “Арабтар болмаса Герберт те, Альберт Великий де, Вилла Новалық Арнольд те, Роджер Бэкон де, Луллия Раймунд та болмас еді . Олардың бәрі Испанида арабтардан оқыды немесе солардың шығармаларын оқыды. Тіптен Фридрик ІІ-нің өзі араб кітаптарын аударуға қамқор болып, ғылымдардың жандануына жағдай жасады” -деген мойындауларын назарға да ілмеді. Осыны ұғынған Пифагор сол кездің өзінде-ақ; “Фәлсафа ілімі философия ұғымынан тарихи жағынан тіршілігі кейін болғанымен, бүгінгі батыс Европалық философиядан тарихи жағынан тек бұрын ғана емес, оның алғы шарты” - екенін ғылыми тұрғыдан тұжырымдап кетті.

Біз кеше де, бүгін де, батысшыл ғұламалар өз діндеріне лайықтап өмірге әкелген осы философиямен өсіп-өніп келеміз. Осы жерде оқшау пікір туады -  біздің қазіргі жоғары оқу орындарында оқытып жатқан саяси білімдеріміз христиандық менталитетке, дүние танымға негізделген филасофия. Шығыстық тарихи кескін келбеті бар мұсылман мемлекеті ретінде бізде фәлсафа ілімі неге назардан тыс қалған?!..

Бұл мысалдарды ұзағынан неге келтіріп отырмын, біз сөз етіп отырған Ерекше Ғылым - Ілім  - әрісі антикалық, Аристотелдік, Платондық және жаңа платондық, Батыстық, Шығыстық,  берісі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Орта ғасырлық  ғұлама ғалымдар мен барлық дін қайраткерлерінің еңбектеріне жанды қозғалыс-қимыл алып келген, бүгінгі білім және ілім иелерін де  селт еткізер мұғжиза дүние.

Бұған дейін Жаратушы туралы, дін туралы, Ғайып туралы, Періштелер әлемі мен Пайғамбарлар мұрағаты туралы, жан және рух туралы  әр қилы тұжырым айтып келген өткендегілер мен бүгінгілер - Алланың өзі түсірген  ашық аян-тәпсірінен кейін ілім саласында бұрын-соңғы айтылып келген тұжырымдарға басқаша бетбұрыс, басқаша көзқараспен қарауы мүмкін. Өйткені, жоғарыда аттары аталынған өлмейтін жанды рухтардың Аллаһтың әмірімен артында қалдырған ұрпақтары үшін, біздер үшін, соңғы дін Ислам үшін, қандай жұмыстар істей алатындығын, олардың  Жартушы маңына қалай топтасқандығын, олардың рухы жеткізген іліми аян әңгімелерін оқыған оқырман өз дәрежелерінде ұғына жатар.   Бұл орайда мен алдыға түспей тұра тұрайын. Бар әңгіменің жалғасын  уақытында бірге көрелік.

Сондықтан менің азан шақырып айтарым; «ей, бүдкіл Әлем пәндәлері, дін қайраткерлері мен ғұлама ғалымдар, көз майларыңды тауысып сендер іздеген сол Ұлы Жаратушы мен сол Жаратушысын іздеп тіршіліктен өткен пайғамбарлармен, сахабалармен, ілім иелерімен және Аллаһтың сүйікті періштелермен тілдесуде, Алланың әмірімен әдемі мүмкіндік туып отып.  Аллаһ,  Құранда айтқан өз серті, өз уәдесі бойынша, өзі жаратқан құлдарымен ашық тілдесуге о бастан бет бұрған. Қане, құлақ қой, бәріміз, өзімізді жаратқан, жалғыз Жаратушы Иеміз, Аллаһпен тілдесейік, Аллаһпен ашық сөйлесейік.

Аян арқылы Ғайыптың хабарын алу бұған дейін де әлем мойындаған ілім жолы ғой. Бүкіл мұсылманның асыл Кітабы Құран-Кәрім де соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһи уа сәлламға аян арқылы түскен жоқ па?. Аллаһ бұйыртса маған ұзатпай тағы да Ғайыптан 617 діни кітаптың түсетіндігі туралы хабар бар, алды түсіп те қойды... 

Ілім – ерекше ғылым.  Ғылымдардың басы мен соңы болып саналатын бұл мұғжиза ілім ғылымның барлық саласын қамтиды. Жалпы бұл ілім- сенім иелерінің жүрек тазалығына орай Жаратушы тарапынан келетін құбылыс. Олар қазіргі ғылыми тілде - эзотериктер. Бұл ілімнің құпиясы мен сыры ішіне бүгілген. Бойында тумысынан ерекше қабылдау қасиеті жоқ адам игеріп түсіне алмайды.

Осы орайда Ғызыр маған; «Сенің Абай атты ақының бар, ол үлкен халық тағдырын қозғап  сабырлығын Құранға әкеліп тіреген» - деген тұжырым жеткізсе, сонымен бірге  осы ілімді менен бұрынғы қабылдаған жеті мемлекет ілімшілеріне қонбағанын айтып,  «енді қалғанын жеткізу екеуміздің сауабымыз болмақ» - деуі мені байыз таптырмауда..

Өзімнің ілімге байланысты ара қатынасым туралы айтарым - бұл тек Аллаһтың қалауы. Белгісіз мұғжиза жағдайда ілім алып жатқан мен - ілімді берген Аллаһтың әмірімен ерекше ілім алған, Ғызыр Әлейһи уа саламмен тең емеспін. Онымен өзге де  әулиелер тең емес. Бірақ расында да бұл адам баласына берілген ілім болғадықтан, ол тірі адам болғандықтан, мен де өзіме қатысты, біздің өскен ортамызбен, оқып жатқан Құранды түсінбей, ақ пен қараны шешу мәселесінде, нақты Аллаһқа қойған сұрақтың арқасында алған жауабым. Мұны ілім мәселесінде Ғайып үйретті. Ғайып – Алланың ілім қазынасы жинақталған орын.  Ғайып - Алланың ғұзырында болғасын маған жеткізді. Менің бұл ілімнен алған пайдам, менің көзімнің жеткені, осы жолда кездестіргендерім Құранды ұстап отырғандар қаншалықты ғалым болса да , олардың әлі де шынайы тақуалыққа өтпегендігін көзіме көрсетті бұл ілім. Менің ойымша, менің шешімімше, діни басқармадағылар мен дінді ұстап тұрғандар, діни уағыз беретіндер, ұстаздар нағыз дінге берілген тақуалар болуы керек. Олар тек дінмен айналасуы керек. Тек қана тақуа болуы керек. Тақуа ғана дінді халыққа үйретуі керек, көрсетуі керек. Сонда ғана біздің ақсап жатқан дінімізбен есімізді жидырып беретіндігін  Аллаһ  маған әмір етіп жіберді.

Сөз соңында тағы қайталып айтамын ілім ретінде Ғайыптан қабылдаған мен ұсынған кітаптар - Құран емес. Құран  пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) кезінде түсіп қойған, ол қайта түспейді, түспек түгілі жеке харпі де, тыныс белгісі де өзгермейді. Бұл кітаптар – Аллаһтың аманаты бойынша  бүгінде әр үйде беті ашылып оқылмай сәнге тұрған Аллаһ пен адамның арасындағы асыл жол Құранға аудару. Құран – әр үйге сәнге қою  үшін түсірілген емес,  Аллаһтың соңғы діні Исламның жолымен жүруді, Жаратушыңды ұмытпауды, онымен сөйлесе білуді, бір Жаратушы Иеңе ғана бас иуді, онымен дос болуды түсіндіретін - қазына.  Төріңдегі сол беті ашылмай тұрған Құранды ашып оқып, оны жүрегіңнің төріне шығар.        

Осы жерде «бұл қалай келеді, сіз қалай қабылдайсыз?»- деген  сұрақтар туатыны бесенеден белгілі. Бірақ ауыз тұжырым-жауап;

– Маған ол аян болып келді. Айтылу арқылы, түс арқылы, тұрғызып алып сөйлесу арқылы, Құран аштырып аятпен сөлесу арқылы, кәдімгідей отырғызып қойып өзімді тергеу арқылы, есеп сұрау арқылы. Сондай түрлі жағдайларда мен осыны қалыпқа келтірдім. Аллаһ маған сансыз амалдарды көрсетті. Сосын ғана мен ілімінің бар екендігін толық мойындадым.

Мен өзім, араб тілін оқи алмаймын, мен жаттағанды да еске ала-алмаймын. Тіпті өз тілімізде төрт ауыз сөз тақпақты төрт  күн жүріп те жаттай алмаймын. Бірақ Аллаһтың құдіреті соншалық маған Ғайып ілімі арқылы қатты сүйсіндірумен әр аятқа басымды ұрғызды. Әр дүниеге жүрегімді қосты. Басқан топырағым мен одан ұшқан тастың өзі де "Аллаһ қарап тұр"- деп айтатындығын қабыл алдым. Бұрын "Күре тамырдан жақынмын"- деген аятты оқи жүрсем де мән бермейтінмін, енді «жақын»- десе «жақын»- деймін, оның қандай жақындығын сол берілген, сол келген іліммен ғана қабыл алдым. Ондай болса менің дәрежем ғылымдықты қабыл етпейді екен, ақ пен қараны мен  Құраннан көрдім, менің  денем және өзім де жазатын болғандықтан, Аллаһ мені осылай жаратқандықтан, мен Аллаһтан артық сұрап жүрген шығармын, сол себепті де Алла маған, осыны жіберді. Сансыз пердесімен сөйлессе де Құдайдың өзі біледі, жанымда отырып сөйлессе де Аллаһтың өзі біледі. Бірақ менің алдыма шынымен-ақ Аллаһпен сөйлесу мәселесі қойылып, Тәңірім маған осыны жік-жіктеп, бір талдап, әр аятты түсіндіргендіктен, мен осыны қабыл алдым.

Мақаланы маған рухтар жеткізген аян үзінділерімен түйіндейін;

 МҰХАММЕД (с.ғ.с.) ПАЙҒАМБАР;

Алладан сәлем жақсыларға ғана, рухтанғандарға ғана, соны ұғатындарға ғана. Сен осы алып жатқан іліміңді ысыраптама, такаппарланба, барынша Аллаһтан сұрай бер,  жалбарынып жыла, түнге тұрып намазыңды оқы, Аллаһ хатымен берген аяттарын оқы. Өзі реттеп бойыңа салған сүрелермен жүр. Айтқан әмірін түгел орында. Ауыр дертпен келген асыл хабарыңды да, ауыруыңды да құрметте. Уақыт Аллаһтың қолында.

Ендігі сұрарың – «қойылар жерім тазадан болсын»- деп тіле. Көметіндер, топырақ салатындар, имандылардан болсын- деп тіле. Артыңнан қалып, дұға оқитын ұлдарың мен қыздарың, тек Құран сөзімен сөйлесін- деп тіле. Артыңда қалған ауыртпашылығың, солардың жасаған жақсылығымен жеңілдетілсін - деп тіле. Бәрін - құлы үшін Аллаһ, өлсең де қабыл етіп тұратындығын біл. Түсіндіңіз бе?

Дінің үшін өліспей беріспе. Өзгенің жанында жылап тұр. Астамшылық жасама. Ең сүйікті Құдайдың сүйетін адам баласы білетін сабырлықта бол. Барлық жазу Алладан. Сынақ деп қабыл ал. Артық сұрақ қойма. Осы ілім арқылы өле-өлгенше жамандар жақсыға түзелсін. Құранын сүйсін, оған беттерін бұрсын, қайтадан жалбарынсын, өзің үлгі болып, соны Құдай әмірімен тарқаттырсын.

Аллаһ  туралы айтқаныңызда «аяным берік, мені Алла өндірді деп айтуыңызға болады.  Құдай сол тілде сізбен сөйлесті. Әлі де аятпен таласатын діннің тұсауын күшейтіп жатқан, қырсықтық пен кесапаттың есігін жақындатып жатқан, күллі дүние қоңыздар отырған жерде, осы дұға сізге аманат. Бір өзіңіздің, барлық пайғамбарлардан үлгі алып, тек Аллаһтың әмірімен Құранды қабыл етуіңіз жөніндегі Құдайдың көмегімен шығарар кітабың сені Жаннатқа бірақ апарсын. «Құран өзгертілмейді, ол сол қалпы қалады»- деп ескертіңіз. Маған Құдайым түсіндірді, менің жанымды сілкіді, күллі рухтарымен хабар берді -деп жеткізесің. Тоныңды шешіп алмас, шештіретін де Құдай, төрге де, көрге де тартатын Құдай, бір сөзіңде мен деп қалма, түсін де аяныңмен, асыл сөзіңмен қозғал. Өте байыпты да ақылды бол. Бұл Аллаһтың әмірі.

Сіз, «Алла қаласа, сонша пайғамбарлар келген кезде, артынан Арыстанбаб келеді» - деп айттыңыз.

– Арыстанбаб – аманаттың иесі, Аллаһтың әмірімен оған дін тарқату жөнінде, жер бетінде ең бірінші «Мұхаммед салаллаһу Ғалейһи уа сәләмның жасынан кейін, ары қарай өмір сүре алмаймын»- деп әулиелер шыққанға дейін, Арыстанбабтың рухы тірі жүреді - деп Аллаһ әмір еткен рухтардан. Арыстанбаб Йассауий  кеткен уақытта рухы сосын кетті. 63 жаста азаншы Біләл де кетті.

Құран адамның сөзі емес, ол еш уақытта адамның сөзі болмаған. Себебі Құраннан шығып жатқан аяттарға қиыннан қиыстырып, қаншама ғалымдар, мықтымын дегендер ондай сүрені ойлап таба алмаған. Ол ойға берілетін емес, себебі Құранның сөзі бітпейді, шексіз, ол алға қарай жалғастырады, оның басы да жоқ. Құранды адам жазды деп айтудың қателігі қиын.

«Құран – Алланың сөзі, Алла сөйлеседі». «Аллаһтың қадыр қасиетін сендер білмейсіңдер, Аллаһ құлымен, адаммен адам сөйлескендей сөйлеседі. Болмаса адам арқылы, әруақ арқылы, жан-жануарлар арқылы, жоғары жақта түрлі түске бейнеленген рухтары арқылы, Аллаһ адаммен сөйлеседі. Күннің нұрындағы жеті сәуле жеті түс арқылы, Аллаһ адам баласына қызыл, жасыл, көк, сол күн нұрындай түстер арқылы, адам баласына аяндарын жіберіп, сол арқылы рухтандырады».                                                                               

ЙАССАУИЙ ӘУЛИЕ;

Алла разы болсын, менікі  Алланың сөзін қайталау, Аллаһтың өзі ұстаздық етіп, жасылдар мен қызыл, сары, көк қызметін атқарып жатқан рухтарға тапсырып жатқандықтан, мен саған бір сыр айтайын. Жасыл -  келді дей бер Аллаһтың тікелей әмірімен деген сөз. Ол – «осы мезетте айтылды ма?»- деп мөр бастыратын мезет - жасыл. Қызыл деген жалғасуы бар. «Бүгін айтылды, ертең қайталанады»- деген сөз. Орындалмаса сабырлықпен күтеді деген хабар. Сары деген Аллаһтың айтқанымен сенің айтатын сөзіңнің  арасындағы кейбір ашылып жатқан перденің белгісі. Ол – аян. Тоқтаусыз ілімді сен сары арқылы да, қызыл, жасыл арқылы да аласың, жеті түс саған қызмет етуде. Тек қана күлгін түс қазірше кідіруде, оған жету үшін сен әлі төртінші қақпаға өтесің.    

Барыңнан - саған бар шығарып беріп жатқан, Аллам. Жоқ болса қайтер едің? Жоққа жоқтың қасы болады. Сондықтан, осы дүниеге дейін әйтеуір барды жинадың. Енді барыңды барға айналдырасың.

Бұл - бұ дүнеде Алла ғана білетін сыр. Адам білмейді. Біз шынайы бармыз ба? Йә жоқпыз ба? Йә бар болып өтеміз бе, йә жоқ болып кетеміз бе? Йә қияли Аллаһтың мыйында отырмыз ба? Бізді  сөйтіп Аллаһ өстіп жүргізіп қойды, соны білмейміз.

Осы бір асыл ілім саған жақсылық алып келеді деп ойлаймын. Болмысың да, бойың да, қасиетің де , рухың да көрген қорлығың да, қиындығың да, алған тәрбиең де Аллаһтың саған салған жолының өзі де, саған осы ілімді сидыруға алып келді. Беру қасиетің мен алу қасиетіңді теңдеді. Сен дерттен өлмейсің. Сондықтан тек Аллаһ деп өт. Разымысың.

Жұртыма құрма жеткенде, «Алла сағындым»- дегенім сол құрманың исі бойымды алды, баяғыдан бойымда сол құрманың өзі тұрғанын кейін білдім. Ол әшейін белгі екен. Құрманы бергені - білім мен Аллаһқа бет бұруым керек екен. Сол дәм де, тұз да өзімде болыпты. Сол сияқты сенде де бар ол дүние. Ал енді сондай дүние болғаны үшін ысырап үшін Алланың алдында жауап бересің. Бер десе бер, ал десе ал, отыр десе отыр, құла десе құла, жыла десе жыла. Алла өзі біледі не айтса да. Қасиетің оңынан жарылсын.  

ӘЛ ФАРАБИ;

Ілім. Мен о бастан ілім іздегенде Құраннан ғана іздедім. Қайта-қайта оқи беріп, бір хабар Аллаһтан келе қалса «Бақараны» ашып қайта-қайта оқи берумен болдым. Бір хабар келе қалса, екінші сүреге өтіп, оны қайта-қайта оқимын. Ол оқығанда мен оны сіңдірсін деп сұрадым Құдайдан. Жалғасын берсе екен дедім. Өйткені ол жалғас маған мыйым арқылы Аллаһтан ғана келетінін білдім. Содан ғана ғалым болады адам. Ондай болса мен Құранға қандай қарағанымды сен біл. Сол кезде мен өзіме керек ізденген дүнием Аллаһты сүйе тұра, соның өзінде де мен адам баласына көрсетейінші деген мақсатпен қарағанмын, соны да Құдай маған дарытып берді. Сен де түс көретін болсаң, йә  рухтандыру жөнінде бабалар келіп, Аллаһ атынан келетін болса, Құранды ашып, ілім беріп жатқан Құранды ашып тұрып, соны қайта оқып өзіңе сіңдіріп алуға тырыс. Жұмыс деп соны айтады. Отыра берме, қызмет ет. Жазу да қызмет. Ал енді сол келгенді қабыл ету одан да өткен қызмет. Мен Құранды өстіп таңдадым. 

БЕЙБАРЫС СҰЛТАН;

 -  Төріме келші, ботам. Отыршы исіңді аңқытып сол жақта. Алланың тізбегі, Тәңірімінің туысына салған, бәрібір сағынатын, қасиетті топырағымнан келесің, қарғам. Отырып өзіміздің тілімізде сөйлеші. Кеңінен әңгімеңді айтшы, құлыным. «Барсың баба, өлген жоқсың, өлейін деп бұл жаққа келген жоқсың, әмірі болды Құдайдың, алыс кеттің, артыңнан іздеп келдім»-деші. Бар Алламның берген несібесі болсын маған. Алыстан келгенде айтса екен деймін осы сөзді, шырағым. Осылай күтіп жатқандарымыз да мұнда көп. Қайсымызға сыр шертесің. Аңқайып қаласың әлі. Адалы қайсы ішінде дейсің. Келгеннің бәрі емес екен келіп рух жұқтыратын, шырағым. Жұқтыратын сен болып тұрсың қазір, балам. Атам жылады деме, өзің де бір күні өлерсің. Ол күні сен де күтесің осылай. Ол күткен жаман. Қорқынышың қияметке қарап тұрса, жүзің туысыңа қарап тұрады. Тізең Аллаһқа сүрініп тұрады. Топырағың өзіңмен бірігіп тұрады. «Кейде жер сияқты кең болып тұрасың, кейде көр сияқты тар болып тұрасың». Шексіз өзгеріп жататын молада қиындық көріп жатқандардың жанында қиналмай баратын жерге үміт етіп тұрасың.

Маған Құран Алла жолында күресудің есігін ашты. Маған Құран, Құранның ішіндегі аяттар, Алланың жүзін көрсетіп тұрды. Дауысын естіртіп тұрды. Бүкіл амалымды іске асырды. Кеудеме қорған болып тұрды. Мен кәпірді қара көріп қорықпайтынмын. Ер жүректіктен титтей де есте жоқ, ойланып та, жасқанып та көрмеппін. Оның бәрі Құраннан келген. «Нақты келдің бе маған, нақты осы жолды қорға»- деп Аллаһ айтқан. Енді сен де Аллаһқа сол күреспен келдің. Нақты сен кірдің бе балам Аллаһтың жолына. Енді нақты әмірін орында. Алла саған сүре ретінде ғана келіп сөйлесіп тұр. Басқа кезде тапсырмасын орындап жатқандар көп. Ол орындамады десе сен орында. Аллаһ күнде келіп айтсын деп қателік жасама. Сынаққа да қара. Аллаһ өзі түгелдейді, өзі реттейді. Тыңдай ғана біл, орындай ғана жүр. Мен, Құранды осылай таптым. Разымысың.

МҰСА (ғ.с.) ПАЙҒАМБАР;

Алла – бар. Алласыз дән, дәнек өнбейді. Бойдағы рух жаңармайды. Саған айтарым - Алланың сынағы көп болсын. Аллаһ -сынағымен сенің жаныңда.

Алла қаласа жеті жылдың ішінде мына айтылған  пайғамбарларға зиярат етіп барасыз, сол жөнінде Алладан сұрап жатырмыз. Ибраһим ғалейһиссаламнан өте үлкен аманат, Аллаһтың жолында жүргенде өзіңізге мына түсірілген аяттар жан сырыңыз болып қалсын деп айтуы, разымысыз. Нұһ ғалейһи уассаламнан келген аманат. Зікір айтылған уақытта салынса, сізге беретін шапағат өлшеулі де, сіздің артыңыздағы ұрпағыңызға қалады деп айтып жатыр. Лут ғалейһи уассаламнан аманат Түнгі бір мен екінің арасында оқылатын зікіріңізде, Жәбірейл ғалейһиссаламның қыбылаға келіп қонатынын айтып жатыр. Һүдтің аманаты; Түннің бір уақыты дегені, Сіздің үйдегі, сағат бірден бастап, 2 ден он бес минутқа дейінгі аралықты айтады дейді Аллаһ. Ол уақыттағы зікір, күллі ұрпағыңызға дем беретіндігін айтып жатыр. Алла разы болсын. Барынша аманатты сізге жеткіздім. Әр пайғамбарлардың өзінің беретін ілімі жөнінде Мұхаммед саллалаху Ғалейһи ассалам пайғамбар арқылы хаттама жіберіліп жатыр. Енді сол осы айтылған зікірден кейін осы рухтардың өзі Сіздерге беретін ілімін аласыз. Әр қайсысы өзі жөнінде, ілімін жеткізеді. Сол сізді өзгертеді деп ойлаймыз. Алла таңдаулысынан еш қашан ажырамайды. Аллаһ таңдағанын өзі біледі. Аққа таңдады ма, қараға таңдады ма? Аққа таңдаған соң күллі пайғамбарлар көтеріледі. Рухтану қасиетіңізде Алла сізге разы болсын.

 Бүгінгі іліміңізді хаһ жолы хаһтың әмірмен ғана  іске асып жатыр.

Алламен болған қандай жақсы. Рухтанып Аллаһтан алған, Аллаһтың әмірімен келіп жатқан рух қандай жақсы. Күпіршіліктен Құдай сақтасын деп сұраңыз. Бүгінгі күннен бастап сізге ілім есігі басқа жақтан да ашылып жатады. Тәңірімнің сізге беріп жатқан дүниесіне жер жүзіндегі ақтар разы. Қаралар, кәпірлер, қатаң ашуға басып жатқаны, қасірет жын өртеніп кетіп бара жатқаны, жолыңызға іске сәт. Бұл – Құран, Алланың жолы. Рух аяны - Алланың жолы. Белгі, күллі мұғжиза – Тәңірімнен. Ендігі деңгейіңізде алар дүниенің есебі бөлек, хаһ – біреу, хаһтың айтқанын жабылып орындайық.

 СҮЛЕЙМЕН (ғ.с.)ПАЙҒАМБАР;

Ислам діні киелі рухтардан құралған дін болғандықтан, сол дінді тарқату үшін келген пайғамбарлардан алатын іліміңіз құтты болсын.

- Көрген тәрбием жоқ, мен пайғамбардың ұрпағынан емеспін - деп айтқанның өзінде де, пайғабардың ұрпағынан тараған рухтардан екендігіңізді біліңіз. Сондықтан Мұхаммед салаллаһу ғалеһи уа саллам пайғамбар сіздің соңғы пайғамбарыңыз бола тұрғанымен , Сіздің ата бабаңыз да, оларға дейінгі, олардан кейінгі жойылғандар да, пайғамбарлардың айтуымен, Аллаһтың көмегімен аман қалғандардың ішінде  бар рухтардың ұрпағынансыз. Сол себепті де Аллаһ тамырды бұзбай алып келе жатыр. Бұл бір Аллаһтың мұғжизасының  сырын бүгін біз ашуымыздың жайын ойланыңыз. Ол ұрпағыңыз, ол бабаңыз кім, қай пайғамбар жағынан өткен, ол қандай қасиетті рухта қызмет атқару жөнінде болғанын сіз күллі Құран біткен кезде білесіз. Осыған разымысыз.

- Ей Мұхаммед, саған келген сыр мен келіп сұрап тұрған құл, қараңғы демеймін саған, бірақ жолы ашық та деп айтпаймын, ол орташа деңгейде тұр қазір. Соны уақыты барда күллі дүниенің ілімін тарыдай дүниеге сіңдіріп, ол адамға дарытуды әмір еттім - деген екен оған Аллаһ. Аллаһқа шүкіршілік айт.

СӘЛМЕН САХАБА;

Мұхаммед ғалейһиссалам пайғамбардан «Сізбен періштелер сөйлесті, Алла сөйлеседі ме?» дегенде; «Аллаһтың қадыр қасиетін сендер білмейсіңдер, Аллаһ құлымен адаммен адам сөйлескендей сөйлеседі. Болмаса адам арқылы, әруақ арқылы, жан-жануарлар арқылы, жоғары жақта түрлі түске бейнеленген рухтары арқылы, Аллаһ адаммен сөйлеседі. Күннің нұрындағы жеті сәуле жеті түс арқылы, Аллаһ адам баласына қызыл, жасыл, көк, сол күн нұрындай түстер арқылы, адам баласына аяндарын жіберіп, сол арқылы рухтандырады-деді. (Бұл «Ілім әліппесі» христоматиясы кітабының «Алғы сөзінен» алынған үзінді 22.05.2016 жылы Түркістан қаласындағы Йәссауий атындағы қазақ-түрік университеті ұйымдастырған Халықаралық дөңгелек столда баяндама ретінде оқылды. Б.А.)

                        **         **        **     

Сонымен, ілім дегеніміз не?  Тек қана Аллаһтың қалауымен тікеден тік Ғайыптан берілетін не Тәңірімнің өзі қалаған рухтары арқылы, Ғызырдың жетекшілігімен таңдаулысы болған мүміндер мен тақуаларға берілетін Ерекше ғылым.  Ілім – тек Аллаһтың қалауы.

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ, жазушы-ілім иесі

Abai.kz

 

 

0 пікір