Жұма, 19 Сәуір 2024
Қоғам 5803 0 пікір 31 Мамыр, 2016 сағат 12:26

МИТИНГКЕ МИТИНГПЕН ЖАУАП

Алматылықтар АҚШ елшілігінің алдында Америкада өткен шеруге қарсы шеру ұйымдастырды, - деп хабарлайды informburo.kz сайты.

Белсенділер Америка құрама штаттарында шеруге шыққан этникалық қазақтармен келіспейтіндіктерін білдірді.

«Бұл акция 21 мамыр күні АҚШ-та өткен митингке қарсы ұйымдастырылып отырғандықтан да сол елдің консульдығының алдында өтіп отыр» дейді шара белсенділері.  

«Біз АҚШ-тағы шеруге Қазақстан азаматтары шыққан жоқ деп ойлаймыз. Сондықтан да олар біздің ішкі саясатымызға қол сұғуларына құқы жоқ», - дейді «Халықты тұрғын-үймен қамту» қозғалысының мүшесі Жанна Сыдықова.

– Біз олардың тұтқындалған журналистерді босату туралы талаптарына құлақ астық, ал енді басқа лозунгтарын қолдай алмаймыз. Біз Президентімізбен біргеміз, – деді шерушілер.

Жиырмаға жуық азамат мемлекеттік ту мен «Елбасы – біздің президент» деген ұрандар көтеріп, консульдықтың алдында әнұран айтты.

 «Кейбір азаматтар Қазақстаннан біржолата кетіп, өздеріне басқа жол таңдап алған болса, олардың біздің президент кім болатындығында шаруасы болмауы керек» деді шара белсендісі Сұлубике  Жақсылықова.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір