Жұма, 19 Сәуір 2024
Деп жатыр 5227 0 пікір 2 Маусым, 2016 сағат 12:01

АСАБА ТОЙДА ЖЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУГЕ ҚАРСЫЛЫҒЫН ӨЛЕҢДЕТІП ЖЕТКІЗДІ

Әлеуметтік желілерде қазақстандық асаба жігіттің «жер сату мен оны жалға беру» мәселесіне қатысты өлеңдетіп жеткізген ойы қызу талқыға түсті.


Той ортасында асаба қонақтар алдында былай деп көсілген екен:

Рас, мен емес, Көкшетаудан біраз азаматтар айтыпты, «Сіздердің ерлікке анау Астананың ар жағында жатқан бүкіл солтүстіктің халқы риза, түгел солтүстіктің халқы басын иіп жатыр ағайын».  Алла разы болсын қазақ үшін шырылдағандарыңыз үшін.

Өткенде картадан қараса, Қазақстанның жеріне тоғыз Оңтүстік Корея сияды екен,

Алты Солтүстік Корея сияды екен,

Үш Портушалия, төрт Германия сияды екен.

Осындай топырақты сатуға қалай ғана қияды екен?!

Осы топырақ үшін бір әкеміз жанын берді,

Бір әкеміз қанын берді.

Шешелеріміз жесір қап, көз жасының бәрін берді.

Олар Тәуелсіздікті көрген жоқ,

Бірақ олар сүйегі жатқан қара топырақ, саудаға салынсын деп өлген жоқ.

Міне, осы жағдайды байқадым,

Атыраудағы жағдайды естідім де, басымды шайқадым.

Мүмкін мені көріп қалса, ана жаққа айтарым...

Солтүстікті сатпасын, топырағы киелі!

Кешегі ел деп өлген, Мағжанның жатқан сүйегі.

Киесі ұрса көрде тұр, ұрпағымызға тиеді.

Оңтүстікті сатпасын, Төле бидің мекені!

Бәрін айт та, бірін айт, Абылай хан жатқан жер

Осы сөзім де жетеді...

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір