Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 4255 0 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 11:04

ЕЛ СИЯҚТЫ НАМАЗ ОҚЫМАЙСЫҢ БА?

Жаз. Күн қатты ыстық. Қатты шаршап, бірақ, бітірген ісіне көңілі толы Айхан әпше үйіне жақындап қалған еді. Өз үйінің жанына жақындағанда 50 метрдей жерде келе жатқан Әтөшті көрді.

Балағы қысқа, иектерінде сақалдың қара іздері байқалып тұр. Соңғы болып жатқан жаман жаңалықтардан қорқып қалған Айхан әпше "китайский сланцыйын" тезірек шөлпілдетіп баса бастады.

Қарсы бетте Әтөште жәй жүрер емес. Қолында бір зат байқалады. "Не ол?" деген сұрақ мазалағанымен дұрыстап қарауға дәті шыдамады. Қырсыққанда үйінің дарбазасы құлыптаулы. Кілтін алып, есігін ашам дегенінше Әтөш те жетіп үлгерді. 

- Саламатсыз ба, әпше?

- Саламатсың ба, Әтөш!

- Әпше, 200 теңге беріңізші бір бөтелке арақ алып ішпесем өліп барамын!

Араққа ақша сұрап тұрғанын көріп, ішінен қуанып кеткен Айхан әпше:

- Жұрттар сияқты намаз оқымайсың ба?! Не ол?! Мә, енді сұраушы болма!

Нұрлан Құлымбетов

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір