Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 3747 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 06:06

МАКС БОКАЕВ ПЕН ТАЛҒАТ АЯНҒА БОСТАНДЫҚ БЕРІЛСІН

Жерді қорғағанның бәрі батыр! Макс Бокаев пен Талғат Аян батырларға бостандық берілуін биліктен талап етуді тоқтатпау керек. 

Мен биліктің, ҚР Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Президент әкімшілігінің логикасына таң қаламын.

Егер Макс Бокаев пен Талғат Аян мемлекетті төңкергісі келсе 24 сәуір күні 6000-7000 адамды жинап алып, бір бұтақ сындырмай, бір темекінің тұқылын тастатпай бейбіт митинг өткізбес еді.

Егер олардың билікті төңкеретін ойы болса сонша адам алаңға жиналғанда елді сабырға шақырып, митингінің бейбіт түрде өтуін емес, өзі келген әкімді соққының астына алып, әкімшілікке шабуылдауға шақырар еді.

Олай болған жоқ, себебі олар митингіні тек бейбіт мақсатта өткізді. Олар бейбіт митинг өткізудің тамаша үлгісін көрсетті. Қазақ халқының саяси сауатты, қоғамдық байсалды, бейбітсүйгіш, демократияшыл екенін дәлелдеді.

"Өз батырын қадірлей алмаған ұлт басқа ұлттың батырының аяғын жуады" деген сөз бар. Өз батырларымыздың қадіріне жетейік, бастандыққа шығаруын талап етейік.

Мақсат Ілиясұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір