Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3383 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 06:20

ЖАЗУШЫНЫҢ "МЕНДІГІ"

Біздің университетте дәріс беретін танымал әдебиетші, профессор Ресейдің қазіргі «модный жазушыларының» бірі Виктор Пелевин туралы бірнеше ғылыми мақала жазған. Ал кітабының жартысы Пелевин жайлы. Пелевинді сол ұстазымыз РУДН-ге жас әдебиетшілермен кездесуге үш рет шақырып, келтіре ал­мады. Пелевин ол кісінің өзі туралы мақтап жазған мақалаларын білмейді емес, біледі. 

Ал бізде бір әдебиетші бір жазушы туралы мақала жазып, кейіннен сол жазушы әдебиетшінің өтінішін орындамасыншы, дұшпан тауып алады. Ал профессор Пелевиннің шығармашылығы туралы лекция оқып, оны жарнамалауын қояр емес.

Мен «қазақбайшылыққа» салып:

– Пелевиннің бұл әрекеті намысыңызға тимеді ме? – деп дүңк еткіздім. Профессор: – Жақсы жазушының «мендігі», өзін-өзі бағалауы әдебиетшінің «мендігінен» биік болса, бұл жақсы емес пе, меніңше, өте жақсы, – деп жымиды.

Мен әдепсіздеу сұрағым үшін, тіпті де, қысылмадым. Себебі, профессордың танымы, түсінігі, жауабы менің менталитетіме мүлдем «жат» еді.
(Екі жыл бұрын жазған жазбам екен)

Аягүл Мантаева

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір