Жұма, 19 Сәуір 2024
Білгенге маржан 3812 0 пікір 22 Маусым, 2016 сағат 13:21

БИШІ ЗІЛТЕМІРШІ – КАТОАТАУ

Кирибати елінің намысын қорғайтын Дэвид Катоатау есімді зілтемірші жанкүйерлерін жарқын жеңістерімен емес, ерекше билерімен қуантып жүр.

Желіге жүктелген видеолардың бірінен зілтемірді бағындыра алмаған Дэвидтің қуанып, секіріп, кейін билеп кеткенін байқауға болады.

Зілтемірді көтере алмаса да, билей жөнелген ауыр атлеттің залдағы көрермендер мен көптеген ғаламтор қолданушыларының көңілін көтеріп тастағаны анық.

Дэвид Катоатау Бейжің және Лондон Олимпиадаларына қатысып, Олимпиаданың ашылу салтанатында өз елінің туын да алып шыққан.

 

Abai.kz

 

 

 

0 пікір