Жұма, 19 Сәуір 2024
Деп жатыр 4234 0 пікір 23 Маусым, 2016 сағат 18:03

ИСЛАНДИЯ КОММЕНТАТОРЫНЫҢ ЭМОЦИЯСЫ ЕРЕКШЕ ЕКЕН

Кеше футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық турнирі аяқталды. F тобында бәсекеге түскен Исландия мен Австрия кездесуінде аралдықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Осы ойынды тікелей эфирден жүргізіп отырған Исландия комментаторы отандасы Траустасон 94-минутта жеңіс голын соққанда қылғынып қала жаздады.

Исландия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысқан еді. Ларс Лагербек шәкірттері жай ғана қатысып қоймай, плей-офф кезеңіне де жолдама алды. Олар F тобында үш кездесу өткізіп, 5 ұпай жинап, екінші орын алды. Соңғы үшінші ойында Австрия құрамасын төреші қосқан қосымша минутта ұтып кетті.
Голдар: Бодварссон, 18 (1:0); Шёпф, 60 (1:1); Траустасон, 90+4 (2:1).

Abai.kz 

0 пікір