Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5658 0 пікір 24 Маусым, 2016 сағат 11:43

ҚҰДАЙДЫ "ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІП" АЛҒАН

Жалпы, кез келген дін - секта. Ал мына иудо-христиан-ислам дегендер басқа діндерді жеңіп шыққан секталар. Әйтпесе, Құдай тек арабтар мен еврейлердің аталарымен (пайғамбарлар) байланыс жасады дегенге кім сенеді?

Неге басқа халықтарда "пайғамбарлар" жоқ? Тіпті "пайғамбар" деген ұғым жоқ! Неге басқа халықтар Құдай тарапынан ескерусіз қалған? Ең қызығы сол пайғамбарларды еврейлер мен арабтардың өздері мойындамаған! Ұрған, соққан, қорлаған, өлтірген! Бірақ, қалай екені басқа халықтарды бағындыруға сол діндерін тамаша пайдаланып отыр! Бір сөзбен айтқанда, еврейлер мен арабтар "дін", "құдай" деген ұғымдарды жекешелендіріп (приватизация) алған.

Бір өкініштісі сол иудо- христиан-ислам секталары біздің қазақтарға да кері әсерін тигізіп жатыр! Кері әсерін тигізгені былай тұрсын, өздерінің ата-бабаларын ұмытып: "пайғамбарымыз", "Айша анамыз", "сахабалар", "мүміндер" және т. б." деп сандырақтап отыратынына не сұрайсың? Тағы бір өкініштісі, сол діни сандырақтарға журналистер, жалпы творчество адамдары тез сенеді екен. Сеніп қана қоймай, басқаларды да артына сүйрейді! Себебі олар көпшіліктің (публика) алдында жүр ғой! Ал, қарапайым халық кімге сенеді? Әрине, көпшіліктің алдына күнде жылтылдап шығып жүргендерге сенеді! Сол себепті де миссионерлер ең алдымен творчество адамдарын қармаққа іледі! Шіркін, солар қармаққа ілініп жүргендерін білсе ғой! - деп жазыпты осыдан бір жыл бұрын Алаш ұлы деген досым...

Нағашыбай Есмырза

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593