Сенбі, 2 Шілде 2022
Білгенге маржан 5053 0 пікір 29 Маусым, 2016 сағат 12:34

ШІРКЕУДЕГІЛЕР АУЫЗАШАР БЕРДІ

Бельгия астанасы Брюссельдің Моленбек ауданындағы қасиетті Иоан шіркеуінде осымен екінші жыл қатарынан мұсылман қауымына ауызашар беріліп отыр.

 

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

 

Христиан өкілдерінің шақыртуын 600 адам қабыл алған. Өткен жылғы ауызашар кеші қалалық алаңда ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық қонақ келген болатын.

 

Биылғы ауызашар кешін де алаңда өткізу жоспарланған еді. Алайда, ауа райының қолайсыздығынан шара шіркеу ғимаратының ішінде өткізілді.

 

“Діндер арасында араздық отын тұтату оңай заманда бұл шара – бауырмалдықты арттырудың таптырмас мүмкіндігі”, – дейді бастамаға қолдау білдірушілер. Айта кетсек, Моленбек – Брюссельдің білім саласындағы он екі муниципалитетінің бірі, сондай-ақ бельгиялық мұсылмандардың көп шоғырланған мекені.

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Ақмылтық

«Қиялшылдар клубы»

Әміржан Қосан 953
Анық-қанығы

Кімнің кім екенін біле жүрсін деп...

Ауыт Мұқибек 799