Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Білгенге маржан 6427 0 пікір 29 Маусым, 2016 сағат 12:41

50-ІНДЕ ҚЫЗДАЙ КӨРУНІДІҢ ҚЫТАЙЛЫҚ СЫРЫ

Қытайдың Хэнань  провинциясының тұрғыны спортпен айналысқандықтан болар 50 жасында екі есе жас, әрі сымбатты көрінеді. Желі қолданушылары әйелдің табиғи сымбаттылығына сенер емес.

Бұл туралы  «Daily Mail-ге» сілтеме жасай отырып «Stan.kz» порталы жазды.

Басылым таратқан ақпарат бойынша Е Вэнь (Ye Wen)  30 жасынан бастап үзбей жүзуге қатысып, уақтылы спорт залға барып тұрған. 2016 жылдың наурызында  Малакк бұғазын бағындырған әйел   Оңтүстік Кореядағы  Ханган өзенінен жүзіп өтуді жоспарлап отыр екен.

Иэнь 80 жасқа келген шағында да су киімді ұялмай киіп жүретініне сенімді. Әйелдің 50 жасындағы сымбаты көптеген қытайлықтың қызығушылығын оятқан әрі олардың біразы әйелдің сымбаты табиғи дегенге күмәнмен қарайды екен.

«50 жасында 20 жастағы қыздың сымбатын иеленген әрі көңілді энергияға бай адам» деп жазады желі қолданушыларының бірі Вэнь жайлы.

Abai.kz

0 пікір