Сәрсенбі, 25 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 127580. Жазылғандар — 114347. Қайтыс болғандар — 1945
Жаңалықтар 2160 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 09:32

Қырғызстан референдум өткізу тәртібін өзгертеді

Түзетулерге сәйкес, референдум өткізу үшін кемінде 10 мың адамның қолы қажет немесе парламент депутаттары ұсыну керек.

Заң жобасы туралы ақпаратты бастамашылардың бірі Жогорку Кенеш депутаты Алмамбет Шыкмаматов таныстырды. Оның сөзінше, референдумға қатысушы топтардың үгіт-насихат жүргізу қызметіне шектеу қойылу ұсынылған.

Сонымен бірге референдум өткізуді ұсына алатын субъектілердің тізімі, қол жинау тәртібі және қол қойылған қағазды тексеру секілді мәселелер нақтыланған.

Абай-ақпарат

0 пікір