Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4291 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 10:11

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ НЕ ІСТЕП ЖҮР?

Бүгін ойда-жоқта Қытайдың Нанкин қаласында оқып жүрген Нұрсұлтан есімді жігітпен таныстым. Ұлтшыл жігіт екен. Нанкин университетіндегі қазақ жастарының мәдени орталығын басқарады екен. Өте ұлтшыл жігіт екен. Көптеген мәдени шаралар ұйымдастырып жүрген көрінеді. Екеуміз екі сағаттан астам әңгімелестік. Қытай шетелдіктерге талап қоймайды, бағасын қойып береді, тегін гранттары да көп. Сондағы батпан құйрықтың астарында не тұр? Біріншіден, шетелдіктер (қазақтар) қытай тілі мен дәстүрін үйренгенінің өзі олжа. Екіншіден, шетелдіктердің білімді болғаны оларға мүлде қажет емес. Қазақстанда мықты математикалық мектепті бітірген жастар төрт жылда бар білгенін ұмытып, мақау болады дейді ол. 

Бұдан өзге өте бір өзекті мәселені қозғады. Қазақ қыздарының Қытайда жеңіл жүріске салынып кетуі өте жиі кездесетіндігін айтады Нұрсұлтан. "Тегін грантты алғанымен қоймай, оқу оқу жеңіл болған соң арқасын кеңге салып түнгі клубтарды аралайтындар көп. Қыздардың көбі мектепті бітіре салған сарыауыздар. Магистранттар, докторанттар шамалы ақыл тоқтатқан, сабырлы болады. Мектепті аяқтай салып шетелге оқуға түсіру қате екеніне әбден көзім жетті. Қазақ қыздарының ар-намысы үшін күресіп жүрміз. Бірақ, нәтижесі шамалы. Әке-шешесі болса, балам оқу оқып жүр деп сенеді. Қазақстандағы ата-аналарға осы мәселені жеткізгім келеді. Мүмкін болса, ата-аналар қыз балаларын шетелге оқуға жіберуден бұрын бір сәт ойланса екен" дейді Нұрсұлтан. Біз Қазақстанда жүріп қазақ қыздарының ар-ұяты үшін күресіп жүргеніміз шамалы. Ал шетелде жүріп ұлттың болашақ аналарына жаны ашыған Нұрсұлтанға өз басым риза болдым... 

Арман Әубәкір

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511