Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 4609 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 10:00

"ЖЕТІСТІК ЖОҚ" ДЕП АЙТА БЕРМЕЙІКШІ

Бізде жетістік жоқ деп айта бермейікші! Бар!

Мәселен, кино жағынан біз әлемде көшбасшымыз!

Бізде Елбасы туралы трилогия-фильм бар. 

Ал АҚШ әлі Барак туралы, Алмания - Меркель, Англияда - Кэмерон, Франция - Олланд, мына қасымыздағы Ресейдің өзі Путин туралы кино түсіре алмай, әлі де әлек болып жүр!

Айтпақшы, олар қолдарынан келмесе, біздің жігіттерге айтсын, қатырап түсіріп береді.

Фильмнің аттарын да тауып береді.
"Барактың балалық шағы", "Барактың БАР жолы", "Ангеланың арман асулары", "Кэмеронның күншуақты келбеті", "Меркель: міндеттер мен мақсаттар", "Франсуаның фантастикалық фуроры" және тағы басқа деп.

Біздің жігіттерге не тұрады дейсің ондай шаруалар!

Әміржан Қосанов

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір