Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4667 0 пікір 7 Шілде, 2016 сағат 12:56

АЖАРЛЫ ӘЙЕЛ

Айжан тұрмысқа шықты. Үйленгеніне 5 жыл болғанда кездесіп қалдық. Шаштары сиреп, көздері кіртиіп, шаршаңқы көрінді.

- Біз емделмеген жер қалмады. Кінә менен екен. Өз әке-шешем "күйеуіңнің бағын байлама, ажырас" деп жатыр. Қалай ажырасамын?! Мен оны сүйемін, қимаймын... Ол мені қанша жерден сүйсе де жасы 40-қа таяды. Бала керек қой оған. Келесі жазды күтіп жүрмін. Жазда бір жаңалық болатындай мен ажырасуды жазға ысыра берем әйтеуір... - деді. Арада бірнеше ай өтті. Тағы бір жыл өтті. Біз тағы кездестік. 

Айжанның маңдайын әжім торлап алыпты. Ол сондай жүдеу көрінді. Лезде қартайып кеткеніне таңдандым.

- Күйеуім де мені қимайды. Бұл жазды да бірге өткіземіз. Келесі жазда ажырасатын болып шештік, - деді ол жыламсырап.

Олардың үйленгеніне биыл 7 жыл толды. Бұл жазды мен де іштей үрейлене күттім. Себебі бұл жаз тағдыры тоғысқан жақын жандарды екі айырмақ... Айжанның ажырасуға дайындалып жүргені туралы қауесет ел ішінде гулеп тұрды. Күн күзге таяп қалған шақ еді. Жапырақтардың реңі өзгеріп, сарғыш түске бояла бастаған.

Айжан қоңырау шалып, үйге келе жатқанын айтты. Баспалдақтан көтерілген аяқ дыбысын естіп тұрмын. Түк-түк-түк. Есікті ұрып жатыр. Әне-міне ол кіріп келмек. Ал мен қазір оның күйеуін қимай, сүйетінін айтып солқылдап жылайтынын, өзімнің оны не деп жұбататыным туралы сөз таппай қиналдым. Түк-түк-түк. Ол есікті екінші рет қаққанда барып аштым. Үйге күлімсіреп кіріп келе жатқан аяғы ауыр Айжанды көру қандай бақыт еді десеңші! Мен мұндай ажарлы әйелді алғаш рет көріп тұрдым...

Құралай Сейсенбекқызы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1561
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504