Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 6561 0 пікір 8 Шілде, 2016 сағат 15:35

ЖАН АДАМНЫҢ ҚАЙ ЖЕРІНДЕ ОРНАЛАСҚАН?


Тән мен жан өте тығыз байланысты. Яғни, тән- жанымыздың айнасы. Көзге көрінбейтін бөлігіміз көзге көрінетін сұлбамен толыққан. Тіс ауырса, құлақ, іш сыр берсе, дереу жанымызға батады. Жан дұрыс ойлауын доғарады. Ол қолайсыздықты сезінеді. Реттілікті бұзады, ашу қысады. Жан күйзелісте болса, тән қалыпты тірлігінен адасады. Тәнге зақым тигізген аурулар екінші санатта. Өйткені, жанға кесірін тигізетін тілектер оған психологиялық ауытқулар әкеледі, олар бірінші санаттағы аурулар қатарында. Психикалық саулығымыз физиологиялық саулығымыздан әлдеқайда маңызды. Жан сау болса, тән міндетті түрде сау болады.

Жан таза болса, ниеті ізгі, тілегі пәк болса, адам кез келген аурулардан адаланады. Бірінші, екінші санаттағыларды қосып жеңеді.

Ой тұлғаны дамытады

Өрелі ой жанымызды биік белестерге жетелейді. Жүрегімізді кең етеді. Қара ниет жанды қобалжытады. Жан қатты күйзеледі, жаман ойдың құрсауында қиналады. Өз ойын аз да болса қадағалай алатын адамның сөз саптасы салмақты, салиқалы болады. Дауысы әуезді, өзін-өзі байсалды ұстайды, түр әлпеті сымбатты, көркем, ал көзінде айдың нұры ойнайды, шуақты, сәулелі келеді.

Ойымызды тазалау арқылы өзімізге сенімді болып, өзімізді жақсы бағалап, мықты тұлғаға лайықты мінездеме беріп, өзімізді өзгертіп, жақсы мінез қалыптастыра аламыз. Ой ойлауды өзгерту әдеттерді, ұстаным мен қабілетті қалыптастырып немесе жоя алады.

Ой тағдырды өзгертеді
Адам ой егеді, сосын соның егінін орады. Әрекет егіп, есесіне әдет алады. Әдет егіп, мінез алады. Мінез егіп, тағдыр жасайды.

Адам өз тағдырын өз ойы мен әрекеттері арқылы жасап шығарады.

Ол тағдырын өзгерте алады. Әр адам өз тағдырының жасаушысы. Бұған күмән жоқ. Дұрыс ойлай білген, соған орай әрекет ете білген адам өз тағдырының ісмері бола алады. Кей сауатсыз адамдар карма мен тағдыр маңдайға жазылғаны бойынша жүреді деп айтады. Бұл барып тұған фатализм. Ал, ол өз кезегінде инерцияға әкеледі, бір орында тапжылмай тұрып қалуға, кедей болуға апарады. Карма заңдылықтарын түсінбеудің ең күрмеулі нұсқасы. Бұл қате пайымдау. Мұны дұрыс адам пікір деп қарастырмасы анық. Сіз өз тағдырыңызды ішіңізден жасайсыз. Өз ойыңызбен. Өз әрекетіңізбен.
Ой физиологиялық өзгерістерге жетелейді
Ойлау жүйесіндегі кез келген өзгеріс менталды денеде діріл туғызады. Ары қарай физиологиялық тәнге әсер ете отырып, мидың белсенділігін тудырады. Жүйке жүйесіндегі осы белсенділік көптеген электрохимиялық өзгерістерге жол ашады. Адам құмарлық, жеккөрушілік, қызғаныш, күйгелектік, ашушаңдық сияқты интенсивті сезімдерге бой алдырады. Олар ағзаның жасушаларын жойып, жүрек, бауыр, бүйрек, көкбауыр, асқазан дерттерінің туындауына себепші болады.
Әр ой, эмоция немесе сөз адам ағзасындағы әрбір жасушада қуатты толқын тудырады. Мықты әсер қалдырады. Жамандық ойлағаннан гөрі дұрыс ойдың толқынына көшіңіз. Сонда үйлесімді өмір мен бай-қуатты бейбіт тіршілікке қол жеткізесіз. Сүйіспеншілік ойлар жеккөрушілік ойларды бірден жояды. Өжеттік туралы ойлар қорқыныш ойларына қарсы мықты қару есептеледі.
Ой тәнге ғаламат күшпен әсер етеді
Қайғы мен қуаныш, сенімділік пен тұйықтық тәнімізге бірден әсер етеді. Ағзадағы әр жасуша қайғырып немесе өсе алады. Өмір импульсін немесе өлім импульсін қабылдайды. Жанымызға енген әрбір ойымыз қағида бойынша не туралы көбірек ойласақ, соның образын жасап шығарады. Жанымыз белгілі бір ойға қаратылса, сол ойдың үстінен дөп түссе, материяның белгілі бір дірілі қалыптасады. Осы діріл неғұрлым жиі қайталанса, онда оның әдетке айналуы да ғажап емес. Тән жанның қалауын орындайды. Оның өзгерістерін сыртқа шығарады. Бір нәрсеге көңіл тоқтатсаңыз, көз жанарыңыз соны бекітеді.
Ой қоршаған ортаны қалыптастырады
Қоғамда адамның тұлға болуы ортасына байланысты дейді. Шын мәнінде мүлде олай емес. Нақты дәлелдер керісінше екенін көрсетеді. Әлемдегі ең ұлы адамдардың барлығы кедейшілікте туып, жағымсыз ортада өскен. Өте лас, нас жерде тұрса да есейе келе олар әлемге танымал болған.

Сіздің әлсіздігіңізде күш жатқанын есте сақтаңыз.

Кедейлік дегеннің өзінде бір қасиет бар. Ол адамды бойұсынуға, күш пен төзімділікке баулиды. Ал, байлық жалқаулыққа, тәкәппарлыққа, әлсіздікке және де басқа да жаман әдеттерге бой алдыртады. Жаман ортада өмір сүрем деп одан кінә термеңіз. Ол күпірлік. Өзіңіздің ішкі жан дүниеңізді жасаңыз. Өз ортаңызды өзіңіз қалыптастырыңыз. Кедейлікке қарамастан өзін жетілдіріп, биік белесті бағындырғысы келген адам өте мықты адам. Оны ешбір күш құлата алмайды. Оның жүйкесі мықты. Адам орта мен жағдайға тәуелді емес. Адам оларды қадағалап және өзгерте алады. Оның барлығы өзінің қабілетіне, мінезіне, ойына, жақсы істеріне байланысты болмақ.
Алексей Ларичев,
Аударған Шынар ӘБІЛДӘ «Алауинформ»

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3523