Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4610 0 пікір 15 Шілде, 2016 сағат 12:00

ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ҰСАҚ-ТҮЙЕКТЕН БАСТАЛАДЫ

Алдағы уақытта (2030 ға дейін) бiрде-бiр "отандасымызға" қазынадан тегiн пәтер бермеуiміз керек. Коммунистік дәуірдегі кеткен есемiзді (компенсация) осылай ғана қайтара аламыз.

Үй алатын жүз адамның 99-ы қазақ болуы тиіс. Сырт көзге қазақтан басқасы да пәтер алып жатқандай болып көрiну үшiн сол бiреуiн қуанышты сұхбат беретiндердiң қатарына қосып жiберсең болады. Қой да тыныш, қасқыр да тыныш.

Олардың көбi кезiнде қазақ жерiне "командировкамен" қаңғып келiп, бiрер айда бас-басына үй алып алған келiмсектердiң ұрпағы.. Дәл қазiр бiздiң билiктегi толерастарға осындай "идеология" қажет. Әйтпесе, қаншама жер мен пәтердi тағы да қазақтан басқасы қарпып кетiп жатыр екен... Қазіргі солақай саясаттың кесірінен Алматы әлi де орыстың баспанасы, ұйғырдың асханасы, қазақтың "астанасы" ғана секілді болып тұр..

Айтпағым, алдағы жылдарда осы "тенденцияны" түбiрiмен өзгертуге күш салып, қаланы қазақыландырып, ұлттық урбанизацияны жаңа сатыға көтерсек қой... Әттең, билiктегiлердiң көбi "элементарный" нәрсенi қақпайтын космополиттер, кiлең... Ұлттық саясат дегенің елеусіз нәрседей көрінетін осындай "ұсақ-түйектен" басталмайтын ба еді?!..

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594