Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4149 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 11:23

ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ДЕГЕННІҢ НЕ ЕКЕНІН ЖАСТАР БІЛМЕЙДІ

Астаналық бір ессіз қаладағы көпірлердің біріне шығып алып секірмек болғаны үшін орталық көшелердегі жол қозғалысы қиындап, бір жарым сағат кептелісте тұрып қалдық.

Осылайша мыңдаған адам жұмысына кешікті. Тіпті жедел жәрдем көліктерін де ары өткізген жоқ. Ал олардың көмегін күтіп жатқан қаншама науқас бар. Қысқасы, бұл өзі өте қиын жағдай екен. Бір адамның залалы мың тұрғынды айналып өткен жоқ. Бұдан да қиын жағдай болса не амал, көнесің, көресің. Бірақ бетін ары қылсын дейміз.

Қанша жерден білімді болайық, озат болайық, мемлекеттегі тұрақсыздық дегенді біздер, жас буын, әлі сезіп-білгеніміз жоқ. Нан бағасының 5-10 теңгеге қымбаттауы, күнде жеп жүрген kfs тауықтарының кейде таусылып қалуы немесе пойызға билет алу үшін ары кетсе 1 сағат кезекте тұрып қалуымыз, міне, көпшілігіміздің көрген ауыртпашылықтарымыз осындай жағдаяттардан әрі аспайды. Осыған бола кейде шамданып, сөз қайтарып, тағы жер теуіп қоямыз. Кешегі ата-әжелеріміздің, ата-аналарымыздың тартқан мехнаттарын біздер бір сәтке де көтеріп тұра алмас едік-ау деп ойлаймын. Балтырымыз шарт сынып, шыдас бермес едік... Жай, ыстық шай ішіп отырып жазған бір үзік ойым...

Азамат Битан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559