Жұма, 4 Желтоқсан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 134706. Жазылғандар — 118643. Қайтыс болғандар — 1990
46 - сөз 3134 0 пікір 20 Шілде, 2016 сағат 11:43

ҮМІТТІ АҚТАМАҒАНДАРМЕН ҚОШТАСУ КЕРЕК

Кешегі Алматына қанға бояған қанышердің түрмеде салафизммен ауызданып, діни лаңкеске айналғанын ҰҚК төрағасы В.Жұмақанов өзінің Елбасыға берген есебінде мәлімдеді.

Біздің "діни лаңкес" деуіміздің жөні бар. "Үш негіз" концепциясы бойынша салафилер үшін зайырлы мемлекеттің қорғаушылары "тағұт" болып саналады. Осы себептен де олардың пайымынша мемлекеттік қызметкерлерді өлтіру үлкен сауап. Кешегі қан кешу осы тұрғыда жасалған тәрізді. 

Менің таң қалғаным түрмедегі салафилермен арнайы жұмыс істейтін ындыны ылым-жылым, пиғылы "ақ" деуге келе қоймайтын, сықпыты тарғыл-тарғыл теологтар бар. Олар не бітірген осы күнге дейін? Құзырылы орындардың алдында жауап берсін. Мемлекеттің үмітін ақтамаса, бұл жобаны жүзеге асыруды ханафи бағытындағы теологтарға беруі керек деп ойлаймын.

Мұқан Исахан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір