Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 7652 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 08:54

ТҮНЕКТЕН ОРАЛҒАН ЕСІМДЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖАҢА КІТАП

Жазушы Бейбіт Қойшыбаев өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында, билік басындағы коммунистік партияның жариялылық және қайта құру саясаты өріс алған шақта тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында қалам тербей бастаған болатын. Ол саяси жазаға ұшыраған тарихи тұлғалар тағдырын зерттеп, олардың күрес жолдарын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлді. Зерттеулерін тереңдете келе, жекелеген қайраткерлер жайында деректі дербес кітаптар шығарды.

Алаш қозғалысы жайында ауқымды рисәлә жазды. Қаламгер өткен ғасырдағы  қазақ азаттық қозғалысының көш басында тұрған,   30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін науқанының құрбандарына айналған Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Мұстафа Шоқай, Жанша Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Темірбек Жүргенов, Дінмұхамед Әділов сынды халқымыздың ондаған аяулы ұлдарының өмірі мен қызметі жайында әр жылдары жазған зерттеу еңбектерін «Түнектен оралған есімдер» деген  төрт кітапқа топтастырған еді. Бұларда қайраткер тұлғалардың ұлт мүддесі жолында атқарған қызметтері қарастырылып, зерделенеді.  Аталған кітаптар тоталитаризм дәуірінде ұмыттырылған шынайы тарихымыздың көмескі беттерін ашуға жәрдемдеседі.  Жақында  осы төрт томдықтың «Төрт күлік» атты алғашқы кітабы  «Рух БГ» баспасынан жарық көрді (Бейбіт Қойшыбаев. Түнектен оралған есімдер: тұлға және тарих. 1-кітап.– Төрт күлік. – Алматы: «Рух БГ» баспасы, 2016. – 240 бет + 4 жапсырма бет).

Кітапқа автордың ұлт көсемі, Алаш автономиясы үкіметінің тұңғыш басшысы Әлихан Бөкейханов, Алаш автономиясының Батыс бөлімшесіндегі үкімет басы Жанша Досмұхамедов, Түркістан автономиясы үкіметінің басшысы, халықаралық социалистік қозғалыс қайраткері Мұстафа Шоқай және кеңес өкіметі платформасында езілген елді прогреске жеткізуді көздеген қайраткер, қазақтан шыққан тұңғыш советтік елші Нәзір Төреқұлов туралы  жазған зерттеу мақалалары, баспасөз өкілдеріне берген сұхбаттары енген. 

Алаш қозғалысының 100 жылдығына, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына, тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай бүткіл азаттық күрескерлерінің  рухтарына арналып шығарылып отырған бұл  кітап  Отан тарихымен әуестенетіндерге, зерттеушілерге, студенттерге, оқушыларға, қалың көпшілікке арналған.

Кітапқа қызығушылық танытып, сатып алғысы келетін  азаматтар  (8 727) 374-83-42, 8 701 746 33 01 телефондарына хабарласуына болады.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593