Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3721 0 пікір 30 Маусым, 2010 сағат 06:03

Тоқтағұл су қоймасындағы су көлемі соңғы 4 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бішкек. 30 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Тоқтағұл су қоймасында жинақталған ылғалдың көлемі 16,41 миллиард текше метр белгісінен асып түсті, деп хабарлайды «Электр станциялары» ААҚ баспасөз қызметі.

«Бұл - соңғы төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын су қоры 9 миллиард 582 миллион текше метрді құраған болатын. 30 маусымдағы жағдай бойынша, Тоқтағұл су қоймасына су ағымы секундына 1675 текше метрді құрап отыр, бұл да алдағы үш жылдағы көрсеткіштерден жоғары», - деп хабарлады сәрсенбі күні баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта су шығындау секундына 170 т.м. Бұл - соңғы үш жылдағы ең төмен көрсеткіш. 2009 жылдың 30 маусымында су шығыны секундына 188 т.м., 2008 жылы 504 т.м., 2007 жылы секундына 330 т.м. болған.

0 пікір