Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4233 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 10:17

ЕСЕП КОМИТЕТІ ПРЕЗИДЕНТКЕ ЕСЕП БЕРДІ

Есеп комитеті  президентке есеп берді. Бірақ бюджет қаржысының қалай жұмсалып жатқанын түсіндірген комитет төрағасы Қозы-көрпеш Жаңбыршинның мәліметтері мемлекет басшысының көңілінен шықпады, - деп хабарлайды 31 арна.

Жыл сайын анықталатын миллиардтаған теңгелік заң бұзушылық биыл үш есеге өсіп, 1 триллионнан асқан. Ал елорданың транспорттық жүйесін реттеуші «Астана ЛРТ» компаниясына бөлінген 38 миллиардтың 25 пайызы тіпті игерілмеген. Қолда бар ақшаны дұрыс жұмасамаған  атқамінерлер  қанша жазаланып жатқанымен, миллиардтардың жоғалуы тыйылар емес. Сондықтан президент Жаңбыршинға қазынаның әр тиынын қатаң қадағалауды тапсырды.

Абай-ақпарат

0 пікір