Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4613 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 10:29

"БАҚЫТ ТАСЫН" ҚЫТАЙ АСЫРМАҚ БОЛДЫ

Біз бұдан бұрын, 17 ақпан күні «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары көрші елге қарай 2,5 кг ақық (агат) тасын өткізбек болған қазақстандықтың ұсталғанын хабарлаған едік. Енді міне, осындай тастың 10,5 килограмын өткізбек болған тағы бір азамат ұсталды.

Ақық тасын қытайға контрабандалық жолмен өткізбек болған 42 жастағы қазақстандық осыншама салмақты тастарды киімінің астына, денесіне байлап өткізбек болған екен.

Естеріңізге сала кетейік, минералдың бұндай түрін ежелгі гректер «бақыт тасы», «жаратушының көзі» деп әспеттеген екен.

Осы отрядтың шекарашылары қытайдан біздің елге қарай жаяулатып келе жатқан ханьдық азаматты 47 кг жарияланымсыз дәрі-дәрмектерімен ұстады.

«Қорғастықтардың» олжасы бұнымен шектелмеді. «Жолаушылар» өткізу бөлімшесінің шекара наряды бірінің артынан бірі, екі қазақстандықты қымбат бағалы ұялы телефондарды контрабандалық жолмен енгізбекші болғандығы үшін ұстады. Біріншісінен 22, екіншісінен 28 Iphone 5S телефондары табылды.

Ұсталған азаматтардың заңсыз тауарлары актіленіп  «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596