Жұма, 19 Сәуір 2024
Деп жатыр 7590 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 10:30

БҰЛ БАҚЫТБЕКТІҢ БАЯНҒА ҚАТЫСЫ ЖОҚ

Құмар ойындар өтетін казинолардың  бірінде ақшадан ұтылып, сондағы қызметкерлерімен төбелескен жігіттің видеосына қатысты Баян Есентаева түсініктеме берді. Ғаламтор қолданушылардың көбі видеодағы азаматты продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаевқа ұқсастқан еді.

«Болған жайдан хабардармын. Видеоны да көрдім. Бірақ, оған менің күйеуімнің ешқандай қатысы жоқ. Олар аттас болуы немесе біреулердің осылай қасақана істеуі мүмкін», - дейді Баян Есентаева ханым.

Осыдан кейін іле-шала «Казинода төбелес шығарған Баянның ері Бақытбек Есентаев емес, Ауған соғысының ардагері, экс-депутат, бүгінде 6-шақырылымдағы Мәжіліс депутаттығынан үміткер, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Бақытбек Смағұлов екен», - деп сөз тарай бастаған. Әлгіндей сөздің шеті шығысымен  Abai.kz порталының редакциясына арнайы қоңырау соғып хабарласқан Смағұлов мырза өзінің бұндай іске еш қатысы жоқтығын жеткізіп былай деді:

- Мен – Баян Есентаева ханымды сырттай естігенім болмаса, жүзбе-жүз көріп араласқан, таныс-біліс адам емеспін. Оған түк те қатысым жоқ. Бұл – біріншіден. Екіншіден, мен шылым шекпеймін, спиртті ішімдіктерге жоқпын. Үшіншіден, құмар ойындарға құмар емеспін, казиноларға бармаймын. Бейнебаянда қарыны салақтап, ырс-ырс етіп төбелесіп жүргеннің кім екендігін білмеймін, білгім де келмейді. Ақталғаным емес, алайда, жұрттың мені айдаладағы біреумен шатастырмағаны дұрыс шығар деп ойлағандықтан сіздерге хабарласып отырмын.

Бақытбек Смағұлов мырза осылай дейді. Ал, Баян болса, бейнетаспадағы менің «мужым» емес деп отыр.

Abai.kz   

0 пікір