Сейсенбі, 17 Мамыр 2022
46 - сөз 6060 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 10:40

ҰРЫ-ҚАРЫ ҚАПТАҒАН ЗАМАН

Әлеуметтік желілерді аша қалсаңыз алты жасар бала жоғалды, оныншы сыныптағы оқушы іздестірілуде, екінші курс студентінің үйіне оралмағанына бес күн болды деген жаңалықтар толып жүр.

Жаман жаңалықтан қорқып, теледидар түгілі үйдегі үтіктің өзін байқап қосатын болдық қой. Адам ұрлағыштар жоқ па деп, таңертең үйден шығарда айналама бір қарап аламын. Біреу-міреу қолды қылса қарсылық көрсетер қауқарым болсын деп, спорт залға барып жаттығатын болып жүрмін. Баламды екі жыл бойы бала-бақшадан алмап едім, қазір өзім апарып, өзім әкететін болдым.

Алты жарымда аяқаталатын жұмысымнан бес жарымда шығып, алтыға дейін ғана жұмыс істейтін бала-бақшаға үлгеру керексің. Біздегі заң да қызық қой. Адамдардың жұмысы алтыда аяқталады, бала-бақшалар да алтыға дейін жұмыс істейді. Қалай алып қарасаң да заңды бұзуыңа тура келеді. Балаңды бала-бақшадан уақтылы алмасаң ата-аналық қызметіңе жауапсыз болып саналасың. Жұмыстан ерте шығып кетсең, қызметіңнен айрыласың. Осыны қалай шешуге болады екен?! Ұры-қары қаптаған заманда қиын болды ғой.

Ерқанат Көпжасар

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір