Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3334 0 пікір 30 Маусым, 2010 сағат 06:00

Мәжіліс төрағасы Назарбаевқа ұлт лидері мәртебесін беретін заң ел заңнамасына толығымен сәйкес келеді деген сенімде

Астана. 30 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Парламент мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт лидері мәртебесін беретін заң толығымен ұлттық заңнамаға сәйкес келеді деген сенімде.

«Президенттің бұл түзетулерге қол қоймағаны халықтың қолдауына ие болды. Бүгінгі күні бұл заңдар қолданыстағы ұлттық заңнамаға толығымен сәйкес келеді», - деді ол сәрсенбі күні палаталардың бірлескен отырысында парламенттің 4-ші шақырылымдағы 3-ші сессиясын жабу барысында.

О. Мұхамеджанов тұңғыш президентке «ұлт лидері» мәртебесін беру бойынша түзетулер парламентке мәжіліс депутаттарының бастамасымен енгізілгенін еске салды. Алайда мемлекет басшысы бұл мәртебеге заңның немесе басқа да құқықтық актілердің күшімен ие болуға болмайтынын айтып, түзетулерге қол қоюдан бас тартты, деді ол.

«Нұрсұлтан Әбішұлы президенттің ар-намысын қорғау және оның өміріне қолсұғылмаушылық кепілдіктері бойынша қосымша шараларды қабылдаған жоқ. Ол бұл мәселелердің бәрі Конституцияда, ҚР тұңғыш президенті туралы заңда және басқа да заңнамалық актілерде көрініс тапқанын атап өтті», - деді мәжіліс спикері.

Оның айтуынша, ұлт лидері мәртебесі заң жүзінде бекітілді. «Халық Нұрсұлтан Назарбаевты тәуелсіздіктің бастауында тұрған және мемлекетіміздің қалыптасуына, оның табысты дамуына баға жетпес үлес қосуын жалғастырып отырған мемлекет басшысы ретінде таниды және солай қабылдайды», - деді О. Мұхамеджанов.

0 пікір