Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4989 0 пікір 26 Ақпан, 2016 сағат 09:05

НАЗАРБАЕВ: ЕАЭО ТҮБІНДЕ ПАЙДАСЫ ТИЕДІ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың "түбінде пайдасы болатынына" сенімді екенін мәлімдеді.

Бұл мәлімдемесін ол Астанада Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесуінде жария етті. Кездесу барысында ЕАЭО даму стратегиясы талқыланды. Қазақстан президенті Саркисян ЕАЭК алқасына әлемдік экономикадағы "қиын кезеңдерде" төрағалық етіп отырғанын тілге тиек етті.

Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі президент Назарбаевтың «шығындардың Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына еш қатысы жоқтығы" туралы сөздерін таратты. Назарбаев ЕАЭО-ға мүше болғысы немесе онымен бірге ортақ еркін сауда аймағын құрғысы келетіндердің көп екенін айтты.

ЕАЭО — Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армениядан құралған ұйым.

Абай-ақпарат

0 пікір