Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3837 0 пікір 2 Наурыз, 2016 сағат 10:17

ДОНБАССТА 2.6 МЫҢ УКРАИН ӘСКЕРІ ҚАЗА ТАПҚАН

Украинаның қорғаныс министрлігі Донбасстағы қақтығыс кезінде 2 600-ден астам әскеридің қаза тауып, 9 мыңнан астам украин сарбазы мен офицерінің жараланғанын хабарлады.

Соңғы екі айдың өзінде сепаратистер украин әскерінің шебін 2 500 рет атқылаған. Соның салдарынан 12 адам қаза тауып, 150-ден астамы жараланған.

Сонымен бірге Киев Мәскеуді ресейлік офицерлердің басшылығымен Донбасста ең жаңа қару түрлері - ауыр артиллерия, жаппай атудыңң реактивті жүйесі, шифрлі байланыс құралдарымен жарақтанған 40 мың адамдық әскер құрғаны үшін айыптауда. Украинаның сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұл әскердің қолында 470 танк, 870 бронетранспортер, 450 артиллериялық жүйе барын мәлімдеді. Украин тарабы Ресей бұдан бөлек «кассеталық оқтұмсығы бар зымыран және жаяу әскерге қарсы мина секілді тыйым салынған қару» қолданып отыр деп санайды.

Шығыс Украинадағы қарулы қақтығыс 2014 жылдың көктемінен бері жалғасуда. Мәскеу Донбасстағы қақтығысқа қатысы жоғын мәлімдеп келеді. Сонымен бірге өңірде ресейлік әскердің барын да мойындамайды.

Абай-ақпарат

0 пікір