Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Деп жатыр 5386 1 пікір 2 Наурыз, 2016 сағат 11:59

ЖҰЛДЫЗДАРҒА "ЗӘҢГІЛЕР" БӘСЕКЕЛЕС ПЕ?

Кейінгі уақытта еліміздегі концерттер мен той жиындар қара нәсілді жігіттердің өнерінсіз өтпейтін болыпты. Той-домалақтың ортасынан табылатын олар, қазақ жұлдыздарына бақталас болып жүрген жоқ па?

RICH D


Сонау 2000 жылдардың басында Нигериядан келген азамат алғашқы уақытта түнгі клубтарда ди-джей болып қызмет атқарған. Кейін АҚШ мемлекетіне кетіп, музыкалық қабілетін шыңдаған ол, қазақ жеріне қайта келеді.

Америка, африка және қазақ музыкасын біріктіре отырып, микс шығарған Рич әр-түрлі кештерде шоу жасау арқылы нан тауып келеді.

Даниэль Джеймс


Домбыраның құлағында ойнайтын камерундық Даниэль «Нұр Той» және «Досмулатос» дуэтінде ән салып, тіпті үш тілде кеш жүргізіп жүргеніне де біраз уақыт болыпты.

Бірнеше күйлерді жатқа меңгерген ол, бет ашып, асаба да болып жүр. Даниэль бірнеше рет отандық арналардың біріндегі бағдарламаға қатысып, ақша тауыпты.

Мусабек


Бұл да африкалық өнерлі жігіт. Есімі – Мұсабек. Әріптесі, әрі отандасы Даниэль секілді домбыраға әуес екен. Тойлардан жиі көрінетін Мұсабек ән айтып, бір кездері елдің назарын аударған болатын.

«Sin Frontera» тобы


Екі жігіттен құралған «Sin Frontera» тобы Кубадан келіпті. Соңғы кездері сахна төрінен көрініп жүрген әншілер Абай Бегейдің концертінде «Аспанға қараймын» әнін орындады, тіпті клип түсірген. 

Шет елден келген әншілер қазақ жұлдыздарының орнын басып, ығыстырып кетпесін! 

Дереккөзі: comode.kz

Abai.kz


 

1 пікір