Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 5446 0 пікір 3 Наурыз, 2016 сағат 09:26

МЫҢ ШЫҒАРМАНЫ ҚАНША УАҚЫТТА ОҚЫП БІТІРУГЕ БОЛАДЫ?

Кеше әдебиетші болғысы келетін адам оқуға тиіс мың шығарманы (мың кітап емес) ұсынған едім. Біраз адам бұл бір мүмкін емес шаруадай, бастарын шайқады. Одан үлкен трагедия жасап жатқандар да бар. 

Менің ойымша, егер шын ниет қылса, мың шығарманы оқып шығу соншалықты қиын іс емес. Мен өзімнің кітап оқу тәжірибемнен байқадым. Бір кеште 200 беттік романды немесе көлемі он беттей 10 шақты әңгімені еңсеріп тастауға болады екен. Егер, сіз бір роман мен он шақты әңгіме оқып, аптасына екі кешіңізді (тіпті күніңізді де емес) ғана кітапқа қисаңыз, мың шығарманы бар-жоғы екі-үш жылдың ішінде ғана түгесіп шығады екенсіз. 

Жыл сайын ақын-жазушылардың арасында биллярд ойнаудан неше түрлі жарыс өткізіп жатамыз. Қаншама жас ақын-жазушылар, һәм сыншыларамыз алтын уақыттарын биллярд ойнауға жұмсап, кітап оқып, білім жинауға болатын сағаттарын зая кетіреді. Біз сол зая кеткен уақытымызды кітап оқуға жұмсап, білім таластыру жағынан неге бір-бірімізбен жарысқа түспейміз?

Амангелді Кеңшілікұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір