Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3893 0 пікір 4 Наурыз, 2016 сағат 09:53

ҚҰПИЯ ЦЕХ ҚҰРЫҚҚА ІЛІНДІ

Қазіргі уақытта  салық заңнамасына тиісті өзгерістер енгізіліп, салық төлеушілердің жұмысын жеңілдету мақсатында көптеген жеңілдіктер жасалып жатқаны белгілі. Соған қарамастан, салық төлеуден жалтарып, көлеңкелі экономиканың  ықпалынан шыға алмай жүрген субьектілер саны әлі де азаяр емес. Атап айтсақ, жуырда Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі қызметкерлерінің  жүргізген рейд шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан құпия цехтың жұмысы әшкере болды.

Аталмыш цех бірнеше жыл бойы жасырын түрде есептік бақылау маркасын шығарумен айналысқан. Бұған қоса шетелдерден контрабандалық жолмен қымбат маркалы виски мен арақ («Макаллан», «Чивас», «Джеймесон», «Джек Дэниелс», «Абсолют», «Шведка», «Моет», «Вдова Клико», «Дон перенион», «Ельцин») және  («Мальборо», «Парламент», «Мевиюс, т.б.) сияқты темекі өнімдерін акциздік маркасыз әкеліп отырған. Содан кейін  жалған жолмен әкелген тауарларға өздері шығарған акциздік маркаларды жапсыру арқылы сатумен айналысқан. Тауарлар Алматы қаласы мен Алматы облысының және еліміздің басқа да облыс орталықтарының көңіл көтеретін түнгі клубтарында, казиноларда, караоки-барларда және мейрамханаларда таратылған.

Құпия цехты әшкерелеу барысында алынған оперативті ақпараттар бойынша күдікті деп танылған 4 фигуранттың үйін тінту барысында 70 мың доллардан асатын спиртті ішімдіктер мен 2000 данадан асатын есептік бақылау маркасы және жалған есептік бақылау маркасын шығаратын аппарат табылды. Бұл оқиға бойынша спиртті ішімдіктердің сапасы мен есептік бақылау маркасының жалғандығын анықтау мақсатында сот-тауарлық және техникалық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233, 214   бабтары бойынша №157500121001940 қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу барысында тағылған айғақтар бұлтартпастай болғандықтан, ұсталғандар өз кіналарын толықтай мойындамауға амалдары қалмады. Сөйтіп, тергеу амалдарының дұрыс және уақытында жүргізілуі үшін атсалысуға  келісімдерін берді.  Яғни, құпия цехтың  құйтырқы әрекеттері үшін сот алдында жауап беретін күн де алыс емес.

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Abai.kz

 

    

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594