Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4237 0 пікір 4 Наурыз, 2016 сағат 16:10

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚСТАНҒА ТӨРТ СОТТАЛУШЫНЫ ҚАЙТАРДЫ

Бейжің Астанаға есірткі тасымалы және кісі өлтіру қылмысы бойынша Қытайда әртүрлі жазаға кесілген төрт қазақстандықты қайтарды.

Бүгін олар Қытайдың Үрімші қаласынан жазаларын әрі қарай Қазақстанда өтеу үшін этаппен жеткізілген. Оларды Қазақстанға қайтару сотталушылардың өтініштері бойынша жүзеге асқан. Қайтарылғандардың аты-жөндері айтылмаған.

Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі қайтарылған төрт адамның ішінде 22 жастағы қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай жоқ екенін айтты. Оны 2014 жылдың наурыз айында Қытай полициясы ұстаған. Маусым айында оған заңсыз есірткі тасымалымен айналысты деген айып тағып, өмірбақи түрме жазасына кескен.

Қазақстанда және Қытайда сотталған азаматтарды тапсыру жөніндегі 2011 жылдың 22 ақпанындағы келісімді Қазақстан 2013 жылдың қараша айында ратифицикацияласа, Қытай былтыр шілде айында бекітті.

Абай-ақпарат

0 пікір