Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 12875 0 пікір 7 Наурыз, 2016 сағат 12:14

90-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ КИНО ӨНЕРІНІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ АКТЕРЛЕРІ КІМДЕР?

ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастау алатын қазақ киносы 90 жылдары келген тоқырау тұсында да тоқтаған жоқ. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында түсірілген фильмдер монтаждалып, эфирге жол тартып жатты. Біздің айтпағымыз 90 жылдары жарқ ете қалған қазақ киносындағы жарық жұлдыздар кім еді? Бұл туралы "baistars.kz" порталы жазады.

ЕРБОЛАТ ОСПАНҚҰЛОВ

Режиссер Талғат Теменовтің «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Махаббат бекеті» сынды фильмдерінде ойнаған Ерболат Оспанқұлов көрерменің жадында «гілі-гілі» болып қалды. Өзі де бір сұхбатында «қайда барсам да мені «гілі-гілі» деп атайтын. Басында қатты ашуландым. Тіпті айтқан адамды ұрып жіберуге дейін баратынмын» — деп еске алады актер. Тісі жоқ, мылқау баланың кейпінен кейін «Махаббат бекетіндегі» Оралдың пойыздағы сапарлас серігін ойнады. Ерболат Оспанқұловосылайша көрерменнің көңілінен бірден орын тапты дей аламыз.

ҚАНЫМБЕК ҚАСЫМБЕКОВ

 

«Шаңырақ», «Жансебіл», «Айналайын» фильмдерінің ізін ала режиссер Қанымбек Қасымбековтің «Қоштасқым келмейді» картинасы жарық көрді.

Арада 25 жылдай уақыт өтсе де өз көрерменін жоғалтпаған фильм. Композитор Марат Омаров жазған әуеннің жөні бөлек. Әнге қосылып, елітіп кетесіз. Әйгерімнің рөлін Нәзира Бақаева сомдады. Нұрсейіттің рөлін сомдаған Мейрамбек Бесбаевтың жұлдызын жаққан режиссер Кано екенін білеміз. Кано деп оны әріптестері, достары солай атайтын. «Қоштасқым келмейді» әнін бозбала Мейрамбек те жетеріне жеткізе орындады. Ал режиссер ғашықтың тілі – тілсіз тіл дегенді осы кинода анық ұқтырғандай болды.

«МАХАББАТ БЕКЕТІ» 1993 ЖЫЛ. РЕЖИССЕРІ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ


Бүгінгі шоу бизнестің ханшайымына баланған Баян Есентаеваның кинодағы алғашқы қадамы осы «Махаббат бекеті» кинокартинасынан басталды десек болады. Орал рөлін Қуанышбек Әділов, Жеңісті сомдаған Бөпеш Жандаев және Гүлназ бейнесін Баян Мұхитденова (Есентаева) өз деңгейінде алып шықты. 20 жылдан бері қазақ телевизиясының экранынан түспей келе жатқаны соның айғағы. Осылайша бойжеткен Баянның кинематография жолындағы ізашар фильмі оның өнер жолын таңдауына сеп болды. Дегенмен Баян Мақсатқызы осы картинадан кейін араға 17 жыл салып қана киноға оралды. 2010 жылы түсірілген «Астана махаббатым менің» фильмінде Лаураның рөлін сомдады.

«КІМНІҢ ЖАНЫ НӘЗІК БОЛСА»  АБАЙ ҚАРПЫҚОВ 1996 ЖЫЛ


Көрерменге орыс тілінде түсірілген «Тот, кто нежнее» кинокартинасындағы банды рөлі арқылы танылған Фархад Әбдірайымовті де  90-шы жылдардың жарық жұлдызы деуге болады. Кинодағы алғашқы баспалдағы арқылы көрерменнің есінде қалған образы оны басқа да фильмдерге түсуіне себепкер етті. Артынша Фара сынды өзіндік қолтаңбасы бар кино Фархад Нұрсұлтанұлының өнердегі жолын нықтай түсті дей аламыз.

«ЖАМБЫЛДЫҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ» 1996 ЖЫЛ


Бүгінгі «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан ТазабековЖамбыл атамыздың жастық шағын қайта жаңғыртқандай болды. 1996 жылыҚанымбек Қасымбековтыңрежиссерлігімен түсірілген «Жамбылдың жастық шағы»  фильмі жыр алыбын мүлдем басқа қырынан танытты. Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков Жамбыл ақынның жастық шағын сомдап, ақынның шынайы болмысын ашып көрсетті. Айтыс өнерінде жүйріктігімен танылған бозбаланың кинодағы сәтті қадамы ел алдында танылуына сеп болды. Ал сіздер 90-шы жылдардағы қазақ кино өнерінің жарық жұлдыздары деп кімдерді айтар едіңіздер?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576