Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3589 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 09:42

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ДОЛЛАР БАҒАМЫ АРЗАНДАП ЖАТЫР

Бішкектегі айырбастау пункттерінде долларды 71,93 сомға сатып, 71,68 сомға сатып алып жатыр. Мұндай мәліметті valuta.kg сайты келтіреді.

Ақпан айының соңында бір доллар 75 сом болған, бірақ наурыз айының алғашқы күндерінде доллар бағамы түсе бастады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қаңтар айының аяғында айырбастау пункттерінде бір доллар 76 сомға сатылды.

Алайда ақпан айының ортасында доллар бағамы бірттіндеп түсе бастады.

Ал қазір 8 наурыздағы ресми бағам бір доллар үшін 72,70 сомды құрайды.

Алдын Қырғызстанның Ұлттық банкі 2015 жылдың басынан бері доллар бағамы 58,8-ден 76 сомға жетіп, 29 пайызға өсті деп хабарлаған болатын.

Abai.kz

 

0 пікір