Жұма, 26 Сәуір 2024
Білгенге маржан 4575 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 11:37

MCDONALD'S АШЫЛУЫНА САЯСАТКЕРЛЕР ДЕ БАРДЫ

Астанада 8 наурыз күні Қазақстандағы алғашқы McDonald's (Макдоналдс) мейрамханасы ашылды. Бұл шараға жүздеген адам жиналып, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді,-деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

Әділбек Жақсыбеков «Қазақстанда McDonald's ашылуы бизнеске оң әсерін тигізеді» деді.

Қазақстандағы алғашқы McDonald's мейрамханасының өкілдерінің айтуынша, "Қазір өнімдерін локализациялау шаралары жүріп жатыр, яғни Алматы маңында мейрамхананы жергілікті өнімдермен қамтамасыз ететін зауыт салынбақ". 

Полиция бөгеп тұрған жұртшылық бір жарым сағаттан кейін кіруге мұрсат алды.

Abai.kz 

0 пікір