Сенбі, 8 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 97829. Жазылғандар — 71609. Қайтыс болғандар — 1058
Жаңалықтар 3568 0 пікір 30 Мамыр, 2009 сағат 10:49

«KEREGY» – көне түркі сөзі.

Тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев Кереку сөзі осы өңірде мүлде болмаған Коряков дегеннің аты-жөнінен туындапты деген пайымдаудың теріс екенін ғылыми негізде дәлелдеп, «Керекудің» түп төркіні көне түркі дәуірінен бастау алатынын  да айқын көрсеткен. Тарихшы ғалымның тұжырымын құптай отырып, Кереку сөзіне байланысты түйіндеулерін филолог ретінде толықтыра түсуді дұрыс көрдім.
Түркі тілінде кер түбір тұлғасынан өрбіген сөздер көп-ақ. «Кереку» сөзі түркі сөздігінде IХ ғасырда кездеседі. Бұл - лексема бұдан да бұрын пайда болғанға ұқсайды. «Кер» түбір тұлғасынан өрбіген «кереку» мен кереге единицаларының шығу генезисі бір сияқты. 
KEREGY: Түркмендер – «шатырды», «көшпенділер қышлық evdi – қышлық евді – «қыстық үйді» «керегү» деп атайды. Мақалда былай деп келген: кек kөrdi keregy jүзti: Кек көрді кергү иүдзті – Бейнет көрді, киіз үйін өзі артып алды (М.Қашқари. Түрік сөздігі. I том). 
М.Қашқари KEREGY сөзін түркілер екі түрлі мағынада қолданғанын жазады: (қысқы үй, киіз үй). «Кер» тұлғасынан «керегү» балшықтан салған үйдің қабырғасы (құйма, жар) және «кереге» киіз үйдің сүйегі (кереге) туындаған. Жалпы «кер» тұлғасын көне түркілер бір нәрсенің негізі деген ұғымда да қолданған. 

Кереге ~ керекү/керегү –сөздері  гер- ~ кер-, етістігіне әкеледі және туынды семантикасы да сәйкес келеді. Аталған етстіктің құрамдық мағынасында `қою, шатырды құру` түркі., шув., бұдан басқа `керу, жазу, созу` т.б. сияқты ұғымы бар. Гереге ~ кереге < гер-/кер- +-е-+-ге/-ке және керекү ~ керегү < кер- + -е- + -кү > керекү. Гер  «танымал» формасын түрік диалектісіндегі gere- етістігімен `жабу, жамылу` салыстыруға болады. (Э.В.Севортян. Этимологический словарь тюркских языков. –М. Наука. 1980. – С. 24-25).
Қорыта айтқанда, көне дәуірде пайда болған Кереку сөзі – ХҮШ ғасырдың басында осы өңірге келіпті-міс  делінетін Коряков деген біреудің қазақшаланған аты-жөні екен деп ойлаудың өзі қисынсыз. Ал патшазада Павел Романовтың құрметіне қойылған Павлодар атауын ауыстыру мәселесіне келсек, осы жердің көне дәуірден бергі тарихи атауы Керекуді ескермей, жаңа атау іздеудің қажеттілігі жоқ.
Айтмұхамет ТҰРЫШЕВ, филология ғылымдарының докторы (этимолог).

Павлодар қаласы.
«Ертіс дидары» газеті
http://www.ertisdidary.ucoz.kz/

0 пікір