Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Білгенге маржан 6798 0 пікір 14 Наурыз, 2016 сағат 10:54

ТОП-10: АЛМАТЫ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АРЗАН ҚАЛАЛАР ҚАТАРЫНДА

Үшінші жыл қатарынан Сингапур мекендеу үшін әлемдегі ең қымбат қала болып танылды. Бұл туралы рейтингті дайындап-жариялаған  Economist Intelligence Unit (EIU) британиялық ғылыми-зерттеу  орталығы хабарлады.

Екінші орында — Цюрих (Швейцария), ал үшінші орында — Гонконг (Сянган).

Алғашқы ондыққа Женева (Швейцария), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания), Нью-Йорк (АҚШ), Копенгаген (Дания), Сеул (Корея Республикасы) және Лос-Анджелес (АҚШ) кірді.

Ең арзан мегаполистердің ішінде Замбия астанасы Лусака, сонымен қатар үнділік Бангалор мен Мумбаи бар. Бұл ондыққа сонымен қатар: Алматы (Қазақстан), Алжир (Алжир), Ченнаи (Үндістан), Карачи (Пәкістан), Нью-Дели (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракас (Венесуэла) кірді.

Бұл рейтингтерді құрастырғанда сарапшылар 160 тауар мен қызметтің бағасын ескереді, деп жазады rosbalt.ru.

Abai.kz 

 

0 пікір