Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3693 0 пікір 28 Маусым, 2010 сағат 10:27

Каспий маңы мемлекеттері биыл Каспийде теңіздегі өндіріс қауіпсіздігі бойынша хаттамаға қол қояды – экология министрлігі

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Каспий маңы мемлекеттері биыл Каспий теңізі экологиясын қорғау мәселелері бойынша екі хаттамаға қол қояды, деп мәлім етті қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов.

«Біз биылғы жылы Астанада екі хаттамаға қол қоюды жоспарлап отырмыз, оның біреуі Каспий теңізінде мұнай өндіру қауіпсіздігіне қатысты. Өйткені теңіздің көрші секторында апат болса, Каспий теңізінде мұнай өндіру процесіне қатысушылардың бәріне міндет жүктейтін халықаралық құжаттар болуға тиіс. Бұл құжаттардың күші конвенцияларға тең. Онда Каспийді ластамау, Каспийдегі қоршаған ортаны қорғау бойынша (нормалар - ҚазТАГ) жазылатын болады», - деді ол дүйсенбі күні парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Мексика шығанағында British Petroleum компаниясының теңіздегі платформасында апат болып, көп көлемде мұнай төгілгеннен кейін премьер-министр Кәрім Мәсімов салалық ведомстволарға Каспийде мұнай өндірудің экологиялық аспектілерін қарау жөніндегі комиссия құруды тапсырған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3502