Сенбі, 20 Сәуір 2024
Білгенге маржан 6093 1 пікір 24 Наурыз, 2016 сағат 10:21

ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ МОЛАСЫ ТАБЫЛДЫ

Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.

Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпия­сы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпия­ға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді.

Ұлы қаған о дүниелік болғанымен, киелі рух адамзаттың ойына орала береді. Ол туралы мыңдаған кітаптар мен ғылыми мақалалар, бірнеше кинофильмдер мен пьеса қойылымдар шығарыл­ды. Шамамен осыдан екі жүз жыл бұрын қаған­ның мүрдесін іздеу басталғаннан бері жүзге жуық экспедиция ұйымдастырылып, қыруар жұмыстар жасалғанымен, сол баяғы ашылмаған құпия ашылмай келеді.

Жақында әлем қағанының моласы табылғандығы туралы ақпарат БАҚ бетін аралап кетті. Бұл туралы Жүкел Хамай өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Бұрқан Қалдұн тауында ұзақ жылдар бойы жүргізілген халықаралық экспедияның алғашқы қортындысын Жапонияның “Киодо Цусин” агенті, Жапонияның Ғылым орталығымен бірігіп, жария етті.
1990 жылдан бастап, үш кезеңмен жүрілген халықаралық шараның бұл алғашқы қортындысы.

Кеше АҚШ-тың “Nasa” ғарыш зерттеу орталығы, Жапонияның «GVC» ғарыш зерттеу орталығымен бірігіп, Моңғолияның солтүстік шығысынан бұрын-соңды әлем тарихында кездесе бермеген ең үлкен олжа – Ұлы Шыңғы қағанның мүрдесін тапты. Бұған Жапонияда өндірілген мыңдаған метр тереңдікті тартатын “LCI” дүрбінің көмегімен қолжеткізіпті. Бұрқан Қалдұн тауындағы Шыңғыс қағанның мүрдесі 1000 шаршы метр аумақты қамтыған, сегіз бөлмеден тұрады екен. Ортаңғы бөлмеде Шыңғыс қаған кіндік тұсына керемет зергерлікпен жасалған таңбасын ұстаған бойында қойылыпты. Аяғының екі тұсына арыстанның мүсіні, басына Көк Аспанды /Тәңір/-ді әспеттеп, самғап бара жатқан сұңқар құс қойылыпты.

Және оң жағына сегіз боз түсті ат, айналасына асыл заттар, ертоқым, жүгенмен қоса өзге де ат әбзелдері, қалған жерлерге күлік батыр, ханымдарының мүрдесі жатқанын арнайы аспап арқылы толық анықтапты.
Осыған байланысты алдағы уақытта әлем ғалымдарының арнайы кеңесі құрылып, Моңғолия өкіметінен мүрдеге қазу жұмысын жүргізу туралы рұқсат алу шаралары қарастырылмақ, дейді.

Abai.kz 

1 пікір