Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3386 0 пікір 25 Маусым, 2010 сағат 13:53

Құлов Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғаларға лаңкестердің қатысы бар деген ҰҚҚ мәліметтері шындыққа сай келеді деп есептейді

Бішкек. 25 маусым. ҚазТАГ - Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) елдің оңтүстігіндегі оқиғаларға экс-президент Құрманбек Бакиевтің жақын туыстары мен ӨИҚ («Өзбекстан ислам қозғалысы» - ҚазТАГ) және ИЖО («Ислам жиһадының одағы» -  ҚазТАГ) лаңкестерінің қатысы бар деп таратқан мәліметтері толығымен шындыққа сай келеді, деп Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі, қоғамдық қауіпсіздіктің уақытша кеңесінің басшысы Феликс Құлов мәлім етті, деп хабарлады «Ферғана.ру».

«Бакиевтер отбасының қатысы барлығы туралы, атап айтқанда Жаныш Бакиевтің қатыстылығы туралы мен бұрын жеке өзімнің болып жатқан оқиғаларға жасаған талдамам негізінде айтқанмын. Одан басқа милиция не қарулы күштер формасындағы бетіне маска киген адамдар туралы келіп түскен ақпараттар секем алдырды.  Әскери адамдарға бетіне маска киюдің қажеті қанша? Ал милицияға бронетранспортерге шабуылдаудың қажет қанша? Олар жағдайды ушықтырғысы келген адамдардың әдейі жасаған арандатушылық әрекеттері тұғын. Және ол адамдардың артында халықаралық лаңкестік ұйымдар тұрғаны туралы  қорытындыны кәсіби тұрғыдан жасадым», - деп Ф. Құлов Қырғызстанның ҰҚҚ елдің оңтүстігінде орын алған оқиғалар туралы жүргізген тексерудің қорытындысы туралы есебіне түсініктеме берді.

Ал, орнатпақшы болған «халифатқа» қатысты айтатын болсақ, онда оның пікірінше, ҰҚҚ хабарының бұл бөлігі оқиғалар өрбіген жалпы фонды көрсетеді. «ӨИҚ пен ИЖО өз мақсаты - өңірде халифат орнату деп біледі, олардың Орталық Азияда белгілі мүдделері де бар, және бұл ұйымдардың өңірде жасаған барлық арандатушылықтарын ұштастыруға деген әрекеттер байқалды. Ал қопарылғыш заттардың мамандары мен мергендер туралы нақты ақпараттар, біздің елдің арнайы қызметінің басқа елдердің арнайы қызметімен ынтмақтасқанын көрсетеді. Бізде Пәкістаннан барлау мәліметтерін алудың мүмкіндігі жоқ», - деді Ф. Құлов.

Бұл ретте ол ҰҚҚ осындай жағдайда не істеу керектігін білмейтініне өкініші білдірді.

«ҰҚҚ әр хабарында оларға көп нәрсе белгілі екендігі, олар осындай оқиға болуы мүмкін екендігін білгендігін айтады. Бірақ оларда мұны болдырмауға күші де жағдайы да болмады. Осы жерде сауал туындайды - егер сіз одан ары да не істеу керек екенін білсеңіз, ол туралы мәлімдеңіз. Егер енді не күтіп тұрғанын білсек, оның алдын алу шараларын қабылдау керек қой. Ал егер бізде оған күшіміз де, жағдайымыз да жетпейтін болса, басқа мемлекеттерге арқа сүйеуіміз, көмек сұрауымыз керек», - деді Ф. Құлов.

Оның айтуынша, басқа мемлекеттердің арнайы қызметі Қырғызстанда өзінің тексерулерін жүргізе алмайды.

«Оған Қырғызстан заңнамасы рұқсат  етпейді, бірақ оларға әдістемелік, сараптамалық-криминалистикалық, оперативті көмек немесе оперативті-іздеу көмегін көрсету керек. Мысалы Ұлыбритания мамандары Максим Бакиевтің бұл бандаларды қаржыландыру жолдарын анықтап берген болар еді. Меніңше жаңа қақтығыстардың алдын алу үшін арнайы қызметтердің күштерін біріктірген дұрыс болған болар еді», - дейді Ф. Құлов. Оның айтуынша, уақытша үкіметтің кейбір мүшелері бітімгершілік күштердің енгізілуі - тәуелсіздіктің жоғалуымен бірдей дейді.

Ол елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бітімгершілік күштерді енгізуге қатысты өзінің жеке көзқарасын білдірді.

«1990 жылы бітімгершілік күштер - кеңестік армияны кіргізу - ол тәуелсіздікті сақтау болды, 1991 жылы біз тәуелсіздік алдық. Көбі бітімгершілік күштерді енгізген соң өзбектер автономия алады деп қорқады. Бірақ онда барлығы аралас, автономия болуы мүмкін емес. Және бібімгершілік күштер стартегиялық нысандарды күзеткен болар еді, себебі оңтүстікте жұмыс жүргізген бандалар әлі жойылған жоқ, ал ұйымдастырушылар, айталық Жаныш Бакиев әлі ұсталған жоқ», - деп тұжырымдады Ф. Құлов.

0 пікір