Жұма, 19 Сәуір 2024
Деп жатыр 3942 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 13:18

BEK AIR-ДІҢ ЕКІНШІ ҰШҚЫШЫ ҚОНАЕВТЫҢ ЖЕКЕ ҰШҚЫШЫНЫҢ НЕМЕРЕСІ БОЛЫП ШЫҚТЫ

Кешелі бері жұрт назары Астана әуежайына шассисіз қонған ұшақ ұшқыштарының әрекетіне бұрылды. Пікірлер екіге жарылып, бірі сапасыз ұшақ ұсынған компанияны сынаса, енді біреулер бортында 116 жолаушы болған ұшақтың ұшқыштарына алғыстарын айтып жатты.

Ал бүгін БАҚ-та  ұшқыштардың жеке бастарына қатысты жап-жаңа деректер пайда болды.

Астанада апатты жағдайда қонған Fokker-100 (Bek Air) ұшағының екінші ұшқышы Вадим Смеречанский Дінмұхамед Қонаевтың жеке ұшқышының немересі болып шықты. Бұл туралы ол «Vласти» басылымына берген сұхбаты барысында айтқан.

"Біз мұндай төтенше жағдайларға әр жарты жыл сайын дайындалып, жаттығамыз. Біздің әуе компаниясында әр ұшқыш кез-келген оқыс жағдайға әзір. Әрине жаттықтырушы құрал нағыз ұшақ емес. Сол себепті, алаңдаушылық болды, дегенмен, ұшақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің міндетіміз»,  - дейді Вадим.

«Бірақ біз барлық ұшқыштармен бірге есеңгіреп қалмай, жағдайды бақылауда ұстадық, өзімізді сабырға шақырып, ұшақты қондырдық. Әбден қонғаннан кейін ғана алаңдаушылықты сезінуге мүмкіндік болды. Себебі, ұшақ ұшып бара жатқанда шешімді тез арада қабылдау керек, алаңдауға да уақыт болмайды. Қазір бәріміз аз да болса сабырға келдік, психологиялық көмектің де қажеті болмады", - дейді Смеречанский.

Ол мұндай жағдай әуе компаниясында алғаш рет орын алып тұрғанын алға тартты.

"Құрлықтағы қызметкерлер бізге жолаушылардың, тіпті шассисіз қонғандарын түсінбегенін айтты", - дейді ол.

Вадим Смеречанский - Дінмұхамед Қонаевтың жеке ұшқышы болған Александр Корнеевич Смеречанскийдің немересі. Александр Смеречанский кезінде мінсіз қызметі үшін медальдар және ордендермен марапатталған.

Вадим Смеречанский отбасында үшінші ұрпақ қатарынан ұшқыш жолын таңдағанын жасырмады.

"Менің атам Дінмұхамед Қонаевтың жеке ұшқышы болған. Өкінішке қарай, атам өмірден озған. Дегенмен, тұлға ретінде ол маған зор әсер етті», - дейді Вадим.

Вадим 2009 жылдан бастап ұшқыш қызметін атқарады. 3 мыңнан астам сағат әуеде болған.

Abai.kz

0 пікір