Сейсенбі, 26 Қаңтар 2021
Жаңалықтар 2231 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 14:01

РИМ ПАПАСЫ БОСҚЫНДАРҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗБАҚ

Рим Папасы Франциск жексенбі күні христиан сеніміндегілерді Пасха мерекесімен құттықтап, "Urbi et Orbi" ("Қалаға және әлемге") деген атпен дәстүрлі жолдауын жасады. Онда зорлық-зомбылық, әділетсіздік, жер жүзіндегі бейбітшілікке төнген қатер басты тақырыптар болды.

Ватикандағы Қасиетті Петр шіркеуінде сөйлеген сөзінде Франциск соғыстан, ашықтан, кедейлік пен әлеуметтік теңсіздіктен бас сауғалаған босқындар мен мигранттардың мәселелерін ұмытпауға шақырды. Брюссельдегі, Түркия мен өзге елдердегі соңғы лаңкестік шабуылдар жайлы айтқан Рим Папасы әлем "көрсоқыр әрі қатігез зорлыққа" қарсы сүйіспеншілікті қару етуі керек деп санайды.

Понтифик Сирия, Украина және Таяу Шығыстағы жағдай туралы да айтты. Ол Сирия үкіметі мен елдегі оппзиция арасындағы келіссөздер бұл елдегі ұзаққа созылған соғысқа нүкте қояды деп үміттенеді. Рим Папасы Украинадағы қақтығысты түбегейлі тоқтатуға шақырды. Биыл Ватиканда Пасха мейрамын мерекелеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары ерекше күшейтілген.

Абай-ақпарат

0 пікір