Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3787 0 пікір 25 Маусым, 2010 сағат 11:23

Алматыда ҚР белгілі ғалымы, қоғам қайраткері Тоқмұхамед Садықовтың естелік тақтасы орнатылды

Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ - Алматыда Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде ҚР еңбек сіңірген ғылым және қоғам қайраткері Тоқмұхамед Садықовтың естелік тақтасы ашылды. Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

«Ол мемлекет қайраткері ретінде халықтың өмірін жақсарту үшін көп еңбек етті. Ол бар күш-қуатын мемлекет саясатын насихаттауға жұмсады. Тоқмұхамед Сәлменұлы өзінің адалдығы мен ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында мемлекет басшысының сенімді серіктестерінің бірі болды»,- деді қала әкімі салтанатты шараға қатысқан жұртшылыққа.

А. Есімов мемориалды тақтаны ЖОО қабырғасына тегіннен-тегін орнатылып жатпағанын айтты. Т.Садықов өмірінің басым бөлігі осы оқу орнымен байланысты.

Естелік тақтасын ашу рәсімінен кейін қала әкімі университет мұражайын аралады.

Т. Садықов өзінің еңбек жолын орта мектепте мұғалім болып бастаған. Университет бітірген соң Алма-Ата техникумында оқытушы, ҚазПТИ-де аға оқытушы болып жұмыс істеді. Кейін ҚазССР жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, Алматы аймағының ректорлар кеңесінің төрағасы болған.

Т. Садықов 20 жылдан аса уақыт Алматыда Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетін басқарды. Ғылыми -педагогикалық және қоғамдық-саяси қызметі үшін Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарымен марапатталды. Соңғы жылдары Т. Садықов «Нұр Отан» партиясы алматылық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

Т.Садықов - 350-ден аса ғылыми еңбек пен 25 монографияның авторы.

0 пікір